(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.07.99 Ж. № 1018 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды
мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 20 шілдедегі № 1018 қаулысы

(2005.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 23 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын атқару үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825; 30.04.03 ж. № 420 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі несиелер беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды және бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ететiн мемлекеттік білімдiк несиелендiру бағдарламасының әкiмшiлерi болып белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 30.04.03 ж. № 420 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен екi айлық мерзiмде мемлекеттік студенттiк несие беру тәртібі туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.

ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. № 1825 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.04.03 ж. № 420 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.