«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы
зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені
бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 127 қаулысына толықтырулар мен
өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 67 Қаулысы
ҚР Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.27.10. № 222 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 4-тармағына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: