«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығына түсініктемесі (30 наурыз 2006 жыл)

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығына түсініктемесі

 

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 30 наурызда «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған Жарлықпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілді.

Жалпыұлттық жоспар Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Қазақстан Халқына Жолдауында баяндалған жеті басым бағытты іске асыруға бағытталған. Барлығы 145 іс-шараны қамтитын 73 тармақты орындау белгіленген. Күллі іс-шаралар бойынша іске асырудың нақты мерзімдері, мемлекеттік саясаттың тиісті бағытында жауап беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары нақты орындаушылар болып белгіленген.

Ел Президенті белгілеген «Әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігу - елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» басымдығына сәйкес халықаралық маңызды «серпінді» жобаларды іске асыруға, жоғары технологиялық индустрияны дамытуға, әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болатын тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған белсенді шараларды қабылдау жоспарланған. Бұл үшін Индустриялық-инновациялық дамудың 2-кезеңін іске асыру жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады. Қазақстанның БСҰ-ға кіруі, экспорттық-импорттық кредиттеуді, академиялық орталықтарды дамыту, қазіргі заманғы көлік-коммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру, Алматы қаласын өңірлік қаржы және іскерлік орталығы ретінде дамыту жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.