1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына қатысушы
мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі
қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін Әскери мақсаттағы
өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы
хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
(Мәскеу қ., 2004 жыл 22 қараша)
2006 жылғы 4 қарашадағы № 185-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымына мүше мемлекеттер,
Ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамасының ережелерін және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына (бұдан әрі - Шарт) қатысушы мемлекеттердің коалициялық стратегиясының олардың қарулы күштері ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының құрамына енетіні және Шарттың 4-бабын іске асыру мақсатында әскерлердің коалициялық (өңірлік) топтарына енгізіле алатыны туралы негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып,