«Алматы қаласы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын, жасыл желектерді еріксіз кескендегі үшін өтемдік (қалпына келтіру) құнының төлемдерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XX сессиясының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 205 шешімі

«Алматы қаласы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны
үшін төлемақы ставкаларын, жасыл желектерді еріксіз кескендегі үшін өтемдік
(қалпына келтіру) құнының төлемдерін және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы»
IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XX сессиясының
2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 205 шешімі

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462 бабына және «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 29, 30 баптарына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім қабылдады:

1. Алматы қаласы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. 2006 жылға Алматы қаласындағы жасыл желектерді еріксіз кескендігі үшін өтемдік құнының төлемдері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Айырықша қорғалатын табиғи аумақты - жергілікті маңызды «Медеу» мемлекеттік табиғи паркін және «Көктөбе Тауы» табиғи паркін пайдаланғаны үшін 2006 жылға арналған төлемақы ставкалары 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Осы шешімнің орындалуы экология және төтенше жағдайлар мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (Біртанов А.Б.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасына (Қ.И.Баеділов) жүктелсін.

 

ІІІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының ХХ сессиясының

төрағасы

Т. Измұхамбетов

 

ІІІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының

хатшысы

Т. Мұқашев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.