«Сырттан қадағалайтын әкімшіні тағайындау ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 18 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 Бұйрығымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса берілген Сырттан қадағалайтын әкімшісін тағайындау ережелері бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау белгіленген міндеттерді бөлуге сәйкес жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
| С. Бекбосынов |
Қаржы министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті төрағасының
2006 жылғы 20 наурыздағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген
Сырттан қадағалайтын әкімшіні
тағайындау ережесі
Осы Ереже «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сырттан қадағалайтын әкімшіні тағайындау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
1. Сырттан қадағалауға әкімшіні тағайындауға мүлікті басқару жөніндегі қызметті және дәрменсіз борышкерлердің банкроттық рәсімдердегі істерін жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдардың кандидатурасын қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы сырттан қадағалайтын әкімшінің кандидатурасын сот борышкерге қатысты сырттан қадағалау рәсімін енгізгендігі туралы ұйғарымын шығарғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетіне (бұдан әрі - Комитет) келісуге ұсынады және белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) ақпарат бар құжаттарды ұсынады.