Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
ҚР Үкіметінің 2006.25.03. № 204 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, Астана қаласының әлемдік стандарттарға жауап беретін және экономиканың өсуіне барабар тыныс-тіршілік инфрақұрылымын қалыптастыру, астананың мемлекет экономикасындағы ықпалдастық рөлін арттыру, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету бойынша бақылау және үйлестіру Астана қаласының әкімдігіне жүктелсін.
5. Астана қаласының әкімдігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№______
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы «__»_______
№ ______Жарлығымен
Бекітілген
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
МАЗМҰНЫ
Паспорт
Кіріспе
1. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
§1 Ұзақ мерзімді орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету
§2. Қала құраушы құрылымды жасау
§3. Кірістер және шығыстар саясаты
1. Кірістер
2. Шығыстар