«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына
осы мемлекеттердің азаматтарына берілетін шарттарда жалпы білім беретін
мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы білім беретін
мекемелердің білім алушылары мен педагог қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
туралы келісімді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 283 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2004 жылғы 16 сәуірде Чолпон-Ата қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттердің азаматтарына берілетін шарттарда жалпы білім беретін мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы білім беретін мекемелердің білім алушылары мен педагог қызметкерлерін әлеуметтік қорғау туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |