«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру брокері қызметінің
шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы
№ 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 82 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»«Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2715 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 15), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы № 37 қаулысымен енгізілген өзгерістермен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3503 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықта:
кіріспеде»«Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - Заң)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары»;