Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған
ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттік кадастрын жүргiзудiң
тәртібі туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Респбуликасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 25 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттік кадастрын жүргiзудiң тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы
№ 1285 қаулысымен
Бекiтiлген
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және
пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң
мемлекеттік кадастрын жүргiзудiң тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көмудiң мемлекеттік кадастрын (бұдан әрi - мемлекеттік кадастр) жүргiзудiң тәртібін анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жер қойнауын пайдаланушыларға мiндеттi болып табылады.
2. Мемлекеттік кадастрды жүргiзу жер қойнауларының мемлекеттік қорын есепке алу жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Мемлекеттік кадастрды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң органдары республикалық және аймақтық жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау, бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi. Мемлекеттік кадастр жедел ақпарат алу, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында шешiмдер қабылдау, жеке ұйымдар, аймақтар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша зиянды заттар радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су көмiлген жерлердiң жай-күйiне жоспарлы бақылау жүргiзу үшiн негiзгi құжат ретiнде қызмет етедi.