«Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 151 Бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 151 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 Бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3627 болып тіркелген, 2005 жылғы шілдедегі № 16 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 400 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3692 болып тіркелген, 2005 жылғы шілдедегі № 16 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:

10-тармақта «ағымдағы жылы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;

11-тармақтың екінші абзацында «жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні пәнінен)» деген сөздер «кешенді тестілеу түрінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.