«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 90 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына
сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар
және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге
енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы
№ 90 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2008.15.04. №179 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару тәртібін жетiлдiру үшін бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері бекітілсін.

2. Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру және заң жұмысы басқармасы (Г.К. Кәкімова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының орынбасарына (Н.Е. Оспановқа) жүктелсін.

4. «Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 ақпандағы № 32 бұйрығының күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 18 наурызда № 3500 тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 30 наурыз № 26 (650) жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.