«Қазақстан Республикасындағы 2005-2008 жылдарға арналған бірінші
ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесетiн республикалық комиссия,
Бiрiнші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі Қазақстан
Республикасының 2005- 2008 жылдарға арналған ic-шаралар жоспарын бекіту
және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 15 ақпандағы
№ 247 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1119 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын уақтылы және сапалы дайындау, өткізу және оның материалдарын өңдеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасындағы
2005-2008 жылдарға арналған бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесетiн республикалық комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы
2005-2008 жылдарға арналған бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөнiндегі іс-шаралар жоспары бекітілсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 шiлдедегі № 952 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 247 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Yкіметінiң
2005 жылғы 10 қарашадағы