Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Yкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (2006 жыл 4 мамыр Астана қ.)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Yкіметі арасындағы Халықаралық
автомобиль қатынасы туралы
келісім
 (2006 жыл 4 мамыр Астана қ.)

 

2006 ж. 8 желтоқсандағы  № 197-III  ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі,

Тараптар мемлекеттері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасты саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін басшылыққа ала отырып,

екі мемлекет арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен автомобиль қатынасын жүзеге асыруды жеңілдетуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімге сәйкес Тараптар мемлекеттері арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің бірінде тіркелген автокөлік құралдарымен үшінші елдерге (елдерден) жолаушы мен жүк тасымалдары жүзеге асырылады.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсатында төмендегі терминдер мыналарды білдіреді:

а) "құзыретті органдар":

- Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, 6, 10 және 15-баптарға қатысты - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп.

11 және 12-баптарға қатысты - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп.

- Тәжік Тарапынан - Тәжікстан Республикасы Көлік министрлігі, 6,7, 8, 10 және 15-баптарға қатысты - Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп.

Жоғарыда аталған құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етілетін болады;

б) «тасымалдаушы» - Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген және оның ұлттық заңнамасына сәйкес жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға рұқсат берілген кез келген жеке немесе заңды тұлға;

в) «автокөлік құралы»:

- жүктерді тасымалдау кезінде - жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилі, автомобиль тартқыш немесе жартылай тіркемесі бар автомобиль тартқыш;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.