Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін
дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 20 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлуді қамтамасыз ету, олардың қызметке дер кезінде келуін және жас мамандармен жұмысты сапалы ұйымдастыру үшін оларды мамандықтары бойынша пайдалануға бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. ІІББ, ІІБ және КІІБ бастықтары:
1) осы бұйрықтың талаптарын кадр аппараттарының орындауын жеке бақылауға алсын;
2) бітірушілерді қызметте тек мамандықтары бойынша және жоғары және орта арнайы білімі бар мамандардың орнын ауыстыруға жататын лауазымдар тізбесіне сәйкес пайдалансын;
3) бітірушілерге күнделікті қамқорлық көрсетіп, оларға тиісті тұрмыстық жағдай жасасын, сонымен бірге олардың ішкі істер органдарындағы қызметке қалыптасуы мен бекітілуін мейлінше жеделдетуге қол жеткізіп, оларға тәлімгерлерді бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бастықтары:
1) мүдделі тараптарды қатыстыра отырып, дербес бөлу жөніндегі комиссияның уақтылы және тиімді жұмысын қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды жетілдіру мақсатында жас мамандар жұмыстарының нәтижесі бойынша ІІББ, ІІБ және КІІБ басшылығына пәрменді екі жақты байланысты ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі генерал-майор Б.С. Сәрсековке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
| генерал-лейтенант
| Қ. Сүлейменов |