зерттеу институттарының, салалық ғылыми-техникалық орталықтар мен жоғары оқу орындарының, оқу процесі мен ғылыми қызметінің ықпалдасуының тиімді тетігін әзірлеу;
басым бағыттар бойынша кадрларды, соның ішінде жоғары білікті мамандарды даярлау, осының негізінде елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және дамытуды қамтамасыз ету;
озық шетелдік технологияларды таңдау, отандық жағдайларға бейімдеу және өнеркәсіптік игеруге елдің ғылыми күштерін тарту;
әлемдік ғылыми-техникалық кеңістікке қазақстандық ғылымның ықпалдасу процесін жылдамдату.
Оның көмегімен әлемнің дамыған елдерінде мемлекет қолайлы инновациялық ахуалды жасауға қатысады және зерттеу қызметінің нәтижелерін коммерциялауға жәрдемдесетін көптеген тетіктер бар. Жалпылаған түрде қолданатын құралдарды бірнеше үлкен топқа бөлуге болады:
жекелеген жобаларды (мысалы, Ұлттық биотехнология орталығын дамыту бағдарламасын немесе венчурлық қаржыландыруға қатысу) немесе ұйымдарды (мысалы, шағын инновациялық фирмаларды) қаржыландыру түріндегі мемлекеттің тікелей қаржылық қатысуы;
ғылыми-зерттеу саладағы мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы байланыстарды қолдау (мемлекеттік-жеке серіктестіктер);
өндірістік-технологиялық инфрақұрылымның элементтерін (ғылыми-зерттеу орталықтарды, технопарктерді, инкубаторларды, технологияларды жылжыту бойынша кеңселерді және с.с.) қаржыландыру;
қатерлерді бөлу жолымен жеке капитал үшін елеулі преференциялар жасау, салық жүктемесін төмендету, әртүрлі кедергілерді жою.
Индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде Қазақстанда мынадай жағдайларды іске асыру қажет:
1) Қазақстанда осы заманғы биотехнологияларды жасаудың басты шарты Ұлттық биотехнология орталығының басшылығымен биотехнология саласындағы ғылымның осы заманғы моделін қалыптастыру болып табылады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты өте өзекті. Биотехнология ғылымды қажетсінетін сала болып табылады, яғни ғылыми орталықтар мен өнеркәсіптің тығыз ынтымақтастығынсыз дамуы мүмкін емес. Бұл ғылыми-зерттеу жүйенің де, ғылым, білім беру, шағын инновациялық бизнес, ірі өнеркәсіптік корпорациялар, тиісті қаржылық институттардың өзара әрекеттесуінің де тетіктерін қалыптастыруда кешендік тәсілді іс жүзіндегі іске асыруды, сондай-ақ іргелі ғылым - қолданбалы ғылым - эксперименталдық өндіріс - өнеркәсіптік өндіріс тізбегін жүзеге асыруды көрсетеді;
2) ең жаңа және ең қатерлі биотехнологияларды сынау және игеруде жетекші ролін атқаратын шағын инновациялық кәсіпкерлік (ШИК) секторының елеулі маңызы бар. Бүкіл дүние жүзінде ШИК секторы өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларының инновациялық дамуының қозғайтын күш болып табылады.
ШИК секторының жылдам дамуы үшін осы заманғы инновациялық инфрақұрылым, соның ішінде оның кіші жүйелерін қалыптастыру қажет.
Биотехнологиялық өнімдерді қолдану әдетте тиісті өндірістер технологияларындағы өзгерістерді талап етеді. Биотехнологиялық өнімдерді қолдануға негізделетін осы заманғы технологияларды қолдануға тілек білдірген кәсіпорындарға тиісті өзгерістерді жүргізуге мемлекет көмектесуі тиіс.
Отандық өндірістің биотехнологиялық өнімін сатып алатын кәсіпорындарды қолдау біздің ойымызша қазіргі кезеңде орынды болып табылады. Мұндай тәртіп отандық минералдық тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғаудың құралдарын сатып алатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қатысты қолданылуы тиіс.
Кедендік саясат мәселелері де осы қатарда тұр. Тарифтік саясатты қатаңдату қажет. Тарифтер арқылы отандық кәсіпорындар тиімді өндіре алатын өнімдердің әкелуіне қарсы әсер ету керек;
3) ИЖ-нің қаржылық инфрақұрылымы инновациялық қызмет субъектілерінің мемлекеттік және жеке қаржылық ресурстарға тиімді қол жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс. Мысал үшін, әлемнің дамыған елдерінің қаржылық инфрақұрылымының ажырамас бөлігі ғылыми-техникалық және инновациялық қорлар жүйесі болып табылады. Қорлар жұмысының тиімділігі ең перспективті жобаларды іріктеу, олардың мақсатты қаржылануы және алынатын құралдарды пайдалануды транспаренттік бақылау бір уақытта қамтамасыз етілуімен шарттасады. Елдің биотехнологиялық кәсіпорындары ескірген, тозған негізгі қорларды ауыстыру, осы заманғы штаммдар-продуценттер және технологияларды сатып алу үшін елеулі инвестицияларды талап етеді.
Кәсіпорындардың қажетті ресурстары жоқ. Пайыздары шетелдіктен 2-3 есе артық несиелерді пайдалану кәсіпорынды шетелдік бәсекелестермен салыстырғанда алдын ала пайдалы емес жағдайларға қояды.
Мемлекет жоғары технологиялық кәсіпорындарға қатысты салық саясатын нақтылауы тиіс, атап айтқанда, биотехнологиялық кәсіпорындарға қатысты салық жүктемесін төмендету, салық жеңілдіктерін беру.
Қазақстандық даму институттарының жұмысы кезінде шағын бизнес субъектілері үшін олардың жетімділігін қамтамасыз ету қажет;
4) Қазақстанда әрекет ететін инновациялық қызметті және технологияларды коммерциялауды қолдайтын мемлекеттік қорлар жұмысының нормативтік-құқықтық шарттарын жетілдіру кезінде ИЖ қалыптастыру процесіне тиімді енгізілуі мүмкін.
Бірінші кезекте қорлардың қаражаты есебінен жасалған зияткерлік меншікке құқықтарды бекіту және берудің нақты рәсімдерін, сондай-ақ зияткерлік меншікке құқықтар және басқалар секілді материалдық емес активтерді бағалау және кепілге беру мүмкіндігін әзірлеу қажет;
5) Қазақстанның даму институттарының өңірлерде жұмыс істеу тәжірибесі жергілікті деңгейде бастамаларды жандандырудың қозғаушысы болып және биотехнология саласына өңірлік бюджеттер қаражаттарын тартуға ықпал етуі мүмкін. Объектілерді қаржыландыру жергілікті өкімет органдары, өзге де қорлар және жеке инвестициялардың қатысуымен үлестік негізде жүргізілуі мүмкін. Бұл биотехнология саласында өнеркәсіптік өндірісті, бірінші кезекте инновациялық әлеуеті жоғары өңірлерде эксперименталдық және жылдам қосуды сынап көру үшін жеткілікті қаражатты шоғырландыруға мүмкіндік береді;
6) Коммерциялау саласындағы маңызды қаржылық институты венчурлық қорлар болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда венчурлық қорлар жеткілікті түрде дамыған жоқ. Бұның себептері жартылай мемлекет іс жүзіндегі қатерлерді өзіне алмайтындығында, сондай-ақ шикізаттық салаларға қаражат инвестициялаудың сенімді жағдайында жоғары қатерлі жобаларға салу үшін күшті ынталар жоқтығында (сондықтан салық төлеу, жерді ақысыз беру және т.б. бойынша жеңілдіктер оның қалыптасуына негіз бола алады, немесе шетелдік капиталды тарту мүмкін).
Қорлардың жаңа түрлерінің (соның ішінде венчурлық қорлар) пайда болуына байланысты, сондай-ақ бюджеттік және салық заңнамасымен үйлестіру мақсатында «Ғылым туралы», «Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын тұтастай қайта жасау қажет;
7) Жоғары технологиялық бизнес үшін кадрларды даярлау бағдарламаларын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
Біріншіден, бағдарламаны бизнес-құрылымдар тарапынан қосымша қаржыландырудың болуымен үлестік негізде іске асыру орынды.
Екіншіден, білім беру бағдарламалары, тренингтері, семинарлары екі мақсаттық топқа бағытталуы тиіс - бір тараптан институттардың ғалымдары мен әкімдері және шағын инновациялық бизнес саласында әрекет ететін кәсіпкерлер, және екінші тараптан атқарушы өкімет органдарының өкілдері;
8) «Қазақстандағы биотехнологияны дамытудың 2006-2015 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу қажет. Бағдарламаның басты идеясы теріс тенденцияларды жою және іргелі және қолданбалы биотехнологияның дамуы үшін тиімді жағдай жасау мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатты шаралар жүйесін әзірлеу болып табылады.
Осы бағдарламаның шеңберінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық, құқықтық, нормативтік және экономикалық қамтамасыз етуді қоса, уақыт, ресурстар және орындаушылар бойынша өзара байланысты және үйлестірілген міндеттерді шешу үшін нақты шараларды көздеу қажет.
§ 1. Қазақстанда биотехнология саласындағы ғылыми ұйымдар мен
зерттемелерді басқарудың ең тиімді моделін айқындау
Ең дамыған елдердің тәжірибесі ғылыми зерттеулерді мамандандырылған инновациялық орталықтарға шоғырландырудың жоғары тиімділігі туралы куәландырады. Инновациялық орталықтар дамудың бастапқы кезеңдерінде инновациялық секторды дамыту мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес мемлекеттік мақсаттық қаржыландыру да, халықаралық ұйымдар мен корпорациялардың гранттары арқылы қаржыландыру да көзделеді, ал кейін (7-10 жылдан кейін) ғылыми әзірлемелерді коммерциялау және енгізу есебінен өзін-өзі ақтау және өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізеді.
Әлемде биотехнология орталықтарын қаржыландыру
11-кесте
| Ел | Орта- лықтар саны | Орталыққа арналған бір жылға қаржылан- дыру (млн.долл) | Қаржылан- дырудың барынша ұзақтығы (жыл) | Мемлекеттік бағдарламаның басталуы |
| Тайвань | 2 | 2.3 | Мерзімсіз | 1997 |
| Венгрия | 6 | - |
| 1999 |
| Голландия | 6 | 1.3 | 10 | 1998 |
| Польша | 9 | 0.5 | 3 | 1999 |
| Ирландия | 10 | 2.0 | 7 | 1999 |
| Австралия | 11 | 0.9 | 9 | 2000 |
| Канада | 15 | 3.0 | 14 | 1988 |
| Австрия | 16 | 0.8 | 10 | 1993 |
| Швейцария | 18 | 12.0 | 10 | 1992 |
| Жапония | 20 | 4.3 | 10 | 1993 |
| Дания | 25 | 1.2 | 10 | 1993 |
| Финляндия | 26 | 1.5 | 10 | 1995 |
| Оңтүстік Корея | 61 | 2.3 | 9 | 1990 |
Биотехнология саласындағы Қазақстандық ғылымның артта қалуына қарамастан, қазіргі уақытта республикада отандық ғылымның халықаралық инновациялық жүйеге жылдам ықпалдасуға жәрдемдесетін қолайлы факторлардың қатары қалыптасты. Бұл:
ұлттық экономиканың ашықтығы оның ғаламдық дүниежүзілік шаруашылыққа (азды-көпті) кіруі;
жеке меншік құқығын, соның ішінде зияткерлік қызмет нәтижелеріне заңнамалық бекітілгендігі;
экономикалық қызметтегі мемлекетті қоса шаруашылық субъектілерінің теңдігі;
рыноктық экономиканың стандарттарына бейілді болу және бәсекелестік ортаны заңнамалық қамтамасыз ету, бұл өндірушілерді тұтынушылардың мүдделеріне ұдайы бағыттайды және инновацияларды үздіксіз жасауды ынталандырады;
жалпы экономика өсімінің жоғары қарқыны, жоғары инвестициялық тартымдылық, елдегі қолайлы әлеуметтік-саяси жағдай.
Жоғары айтылғанға байланысты Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу ұйымдастырудың ең тиімді моделі іргелі, қолданбалы зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелермен, содан кейін сынақ нұсқауларын жасау, оларды сынау және "тауарлық" кезеңге жеткізумен және цикл бойынша әрі қарай айналысатын мамандандырылған Орталықтарды жасау болады. Орталықтар зерттеулерінің тақырыбы бір тараптан әлемдік рыноктың қажеттіліктерімен айқындалады, екінші тараптан іргелі зерттеулер қоғамның даму жолдарын және қажеттіліктерін болжауға мүмкіндік береді, бұл болашақта қолданбалы сипаттағы әзірлемелердің талап етілуінің кепілі болады. Мұндай бөлімшелер қызметінің нәтижесі сұранысқа сәйкес жаппай өндіріске дайын өнім болады.
Мемлекеттік қаржыландыруға ие Орталықпен қатар шағын инновациялық бизнес табиғи пайда болады және дамиды. Жалпы рыноктық ИЖ ұйымдық құрылымдары үшін ірі ықпалдасқан фирмалар - ұлттық және әлемдік экономикалардың жетекшілерінің пионерлік, қатерлі инновациялық-технологиялық қызметті жүзеге асыратын, соның ішінде жетекші фирманың инновациялық инфрақұрылымындағы ШИК секторының көптеген фирмаларымен ұштасуы сипатты.
Осыған байланысты инновациялардың жаппай енгізілуін ынталандыратын қолайлы ортаны жасау үшін айқындалған мемлекеттік саясатының маңыздылығын тағы бір рет атап өткен жөн.
§ 2. Білім және кадрлар әлеуетін қалыптастыру жүйесінде
халықаралық стандарттарды енгізу
Биотехнологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін жоғары білікті менеджментті тарту қажет.
Қазақстанда технологиялық менеджмент аясындағы білім беру - дамитын сала болып табылады. Технологиялар трансфертімен тікелей айналысатын құрылымдар үшін де, ҒЗИ және ЖОО-да мамандырылған бөлімшелер үшін де білікті кадрлардың жетіспеушілігі жалпыға белгілі. Көптеген ЖОО-да технологиялық менеджмент саласындағы осы заманғы мамандану ашылды, бірақ мамандарды даярлау сапасы халықаралық стандарттарға сай келмейді.
Ең кемінде мынадай қағидаттар негізінде өз оқыту бағдарламаларын жасау қажет:
қазақстандық және шетелдік технологиялық компанияларды құру және дамыту нақты мысалдарының кеңінен сараптау;
нақты жобаларды басқару мысалдарында практикалық оқыту;
оқытуға және тыңдаушыларға кеңес беруге технологияларды коммерциялау бойынша қазақстандық және шетелдік практиктердің қатысуы.
Сонымен қатар Қазақстанда мынадай сипаттар бойынша білікті білім беру бағдарламалары кеңінен ұсынылған: стратегия, маркетинг, қаржылар, персоналды басқару, яғни пәнаралық талдауды қолдану. Сонымен бірге әлемдік тәжірибеге сәйкес оқыту әдістеріне тыңдаушылардың тарту көзделеді.
Технологиялық менеджмент саласындағы кадрлар даярлауды қаржыландыру не бюджеттік, не аралас (курсты тыңдаушылар оқытуды төлейді). Осылайша, АҚШ, Ұлыбритания және Израильде мемлекет технологиялық менеджерлерді даярлау жөніндегі шығыстарды өзіне алмайды. Әдетте ондай кадрларды даярлау жеке бизнес-мектептер немесе инкубаторлармен байланысты құрылымдар құрамында жүргізіледі. Біздің елде бүкіл инновациялық жүйе жаңалық болғандықтан мемлекеттік қолдау шаралары қажет.
Жоғары технологиялық бизнес үшін кадрларды даярлау - бұл тек қана іс жүзіндегі курстарға қосымша жаңа курстарды енгізу емес. Бұл кадрларды даярлаудың концептуалдық тәсілін өзгерту болып табылады.
Біріншіден, сапалы бизнес білім беру жаппай болып табылмайды, сондықтан осындағы курстар және білім беру стандарттарының құрылымы элиталық мектептер мен факультеттер сияқты болуы тиіс. Қазақстанда бизнес - білім беру жүйесін құрастыруда пайдалануға болатын жаратылыстану ғылымдары үшін білікті кадрлар даярлау тәжірибесі бар.
Екіншіден, технологиялық менеджерлер ұдайы оқуға дайын, бейімді болу, стратегиясын ұдайы нақтылау және альтернативті іздей алуы тиіс. Сондықтан оқу процесінің басынан бастап студенттер әртүрлі компанияларда практикадан өтіп, тек қана виртуалды емес іс жүзіндегі міндеттерді шешкен жөн. Алайда мұнда да мәселе бар: практика арқылы оқыту тәжірибенің кеңі болуын көздейді, ал бүгінгі таңда ол Қазақстанда өте аз.
Үшіншіден, ондай білім беру бағдарламаларын бизнес тарапынан ең кемінде қоса қаржыландыру болу керек. Мысалы, бизнес мақсаттық гранттар бөлуі мүмкін. Ондай схема жұмыс істеуде, бірақ үлкен көлемде емес. Оқытуды бизнес тарапынан қаржыландырудың дамуына бизнес құрылымдары, кейде бәсекелестік арасындағы кадрлардың ұдайы ағыны кедергі жасайды. Әлемдік брендтер сызығы бойынша сертификатталған кадрлармен ұқсас мәселе болып тұр.
Орталықтар жұмысының халықаралық практикасында инновациялық топтарды әлемдік ғылыми қоғамда өзін жағымды жағынан көрсеткен және ұйымдық жұмыс тәжірибесі бар ғалымдар басқарады, олардың жанында ұжым деңгейін көтеру үшін қолайлы шығармашылық топтар қалыптасады. Орталықтың жұмысына ғылым, тәжірибелер, өндірісті іс жүзінде зерделейтін университеттер, студенттер және аспиранттар жиі тартылады.
Өз практикасында Орталық кадрларды іріктеу, тарту және даярлаудың озық әдістемелерін басшылыққа алуды, соның ішінде "training of trainers" қағидаты бойынша жаңа оқыту әдістемесін әзірлеу және енгізу жоспарлап отыр. «Training of trainers» әдісі «теориялық» курстар мен алған білімдерді практикада бекітудің жиынтығы болып табылады. Оқитындарға іс жүзінде дербестік беріле отырып, өз кезегінде алған тәжірибе мен білімін басқаларға үйрететін жаңа басшыларды даярлау жүргізіледі. Мұның нәтижесінде Орталық кейіннен өзге де, атап айтқанда университеттердің жанындағы ғылыми-зерттеу мекемелері мен зертханаларда басқарушылық орындарына алуы мүмкін жаңа кадрларды даярлайтын ерекше институт болады.
§ 3. Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың тұжырымдамасына енгізу
үшін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерi
Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 16 ақпаннан бастап өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі төрт маңызды әлемдік конвенциялардың қатысушысы болып табылады: Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 1883 жылғы 20 наурыздағы Париж конвенциясы; таңбаларды халықаралық тіркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Мадрид келісімі; 1967 жылғы 14 маусымдағы Стокгольмде қол қойылған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құрған конвенция; 1970 жылғы 19 маусымдағы Вашингтонда қол қойылған Патент кооперациясы (РСТ) шарты. 1995 жылғы 5 қарашадан бастап 1994 жылғы 9 қыркүйекте Мәскеуде үкімет басшылары қол қойған Еуразиялық патент конвенциясы еліміздің аумағына таралады.
Халықаралық деңгейде Биотехнологиялық объектілер мен генетикалық ресурстарды қорғауды реттеу соңғы екі онжылдықта аса қарқынды жүзеге асырылып және құжаттар қатарында көрініс тапқан.
Жер бетіндегі био сан алуандығы мәселесін шешу және генетикалық ресурстарды пайдалануды реттеудегі маңызды халықаралық құжат Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 5 маусымдағы № 918 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы мақұлдаған биологиялық сан алуандық туралы конвенция (Рио-де-Жанейро, 1992 жылғы 5 маусым) болып табылады.
Конвенцияда (15, 16, 19-тармақтары) «мемлекеттің өз табиғи ресурстарына егемен құқықтарды тану себебінен генетикалық ресурстарға қол жеткізуді айқындау құқығына ұлттық үкіметтер ие және ұлттық заңнамамен реттеледі» және «генетикалық ресурстарға қол жеткізу оны беру кезінде өзара келіскен жағдайлар және алдын ала хабарланған келісім негізінде жүзеге асырылатыны» туралы ереже қалыптастырылған.
Зияткерлік меншікті қорғау (патенттер, селекционерлер құқықтары, авторлық құқықтар, коммерциялық құпиялар және басқа да тетіктердің көмегімен) жүйелері тиісті құқықтардың иесіне ең кемінде белгілі бір мерзімде өнертабыс нәтижелерін жеке пайдалану мүмкіндігін береді. Зияткерлік меншікке арналған құқықтар иелері көптеген жағдайда өнеркәсіптік корпорациялар, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелер болып табылады, алайда жеке тұлғалар да бола алады. Патентке қабілеттілік мәселесін шешу кезінде жаңалық, өнертабыс деңгейі және өнеркәсіптік қолданылу белгілеріне сәйкестігін айқындайды.
ИЖ халықаралық сауда дүниежүзілік дамудың маңызды факторы болып табылады. ИЖ сенімді құқықтарының болмаған кезде өнертабу ынтасы жоғалады, ал құқықтарды қорғауды қамтамасыз етпейтін елдерде өз өнертабыстарын жасаудың орнына өзгелерден көшіру ынталары пайда болады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне дайындауына байланысты зияткерлік меншік саласындағы ұлттық заңнаманы зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісімге (ТRIPS) сәйкес келтіру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
ТRIPS келісімінің ережелерінің тірі организмдерді патенттеу саласына таралуы жөніндегі жұмыстар жандандырылуда. Биотехнологиялық өнертабыстар ТRIPS нормаларына сәйкес дүние жүзінде қабылданған өнертабыстар категориясына жатады, мұның салдарынан биотехнологиялық өнертабыстарды құқықтық қорғау жекелеген заңнамалық кесімді жасауды талап етпейді және ұлттық патенттік заңдарымен реттеледі.
Биотехнологиялық инновацияларды патенттік қорғауды үйлестіруге ДСҰ құжаттарында генетикалық ресурстардың шығуы, елдерінің оларды пайдаланудың мүмкіндігін пайдаға қатысуы туралы ескерілмейтіні кедергі болып тұр. Осы ұсынысты пысықтау ДЗМҰ (Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы) сызығы бойынша басталған. Конвенция бағыттарымен сәйкестіктерді іздеуді өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақ (UPOV) жүзеге асырған.
2002 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы «Патент рәсімі мақсатында микроорганизмдерді депонирлеуді халықаралық тану туралы» Будапешт шартына (бұдан әрі - Будапешт шарты) қосылған.
«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысы Шартқа сәйкес коллекцияны депонирлеу жөніндегі халықаралық орган (ДХО) ретінде жылжыту бойынша міндет қояды. Ұлттық коллекция үшін ДХО мәртебесін алу шетелдік патенттеу кезінде өзекті болып табылады, өйткені халықаралық өтініш берген кезде ДХО мәртебесі бар коллекцияда депонирлеу қажет.
Еуропалық елдер биологиялық объектілерді, соның ішінде ген инженериясы әдісімен алынған құқықтық қорғауды жетілдіру жөніндегі шараларды белсенді жүзеге асырылуда. 1998 жылы ЕО Кеңесінде және Еуропалық парламентінде 1998 жылы 30 шілдеде күшінен енген № 98/44/ЕС биотехнологиялық өнертабыстарды құқықтық қорғау туралы директива (бұдан әрі - директива) қабылданған. Директиваның басты саяси мақсаттары біріншіден, бұл саладағы инвестицияларды сақтау және көтермелеу үшін биотехнологиялық өнертабыстарды қорғауды күшейту, екіншіден, ЕО шеңберіндегі саудаға теріс әсер ететін жұмыс практикасында және ұлттық соттар мен патенттік ведомстволардағы прецеденттік құқықта әртүрлі ұстанымнан бас тарту үшін қорғауды үйлестіру.
Еуразиялық кеңістікте құқықтық қорғау үшін Еуразиялық патенттік ведомствоға (ЕАПВ) еуразиялық өтініштерді құрастыру, беру және қарау ережесіне ЕПО-дан кейін өткен жылы енгізген өзгерістердің үлкен маңызы бар.
Жалпы Қазақстан Республикасында қолданыстағы зияткерлік меншік саласындағы нормативтік құқықтық база қатысатын халықаралық шарттар мен конвенциялардың негізгі ережелеріне сәйкес келетінін атап өткен жөн.
Әрі қарай даму зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы ТRIPS келісімімен үйлестіруге және сәйкес келтіруге қатысты. Барлық мемлекеттік және соттық органдардың назарын Әлемдік экономикаға ықпалдасу мақсатында зияткерлік меншікті қорғауға күшейту, оны Республиканың мемлекеттік және экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі ету, және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікті қорғау жүйесін жасауда және жұмыс істеуде осы саланың уәкілетті органы ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншікті құқығын қорғау комитетінің ролін арттыруына ықпал ету қажет.
Қазақстан Республикасындағы патенттеу саласында жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттары маңызды роль атқарады, олардың биотехнологияны дамыту саласындағы ролі артуы тиіс.
Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық сызығы бойынша іске асырылатын ғылыми-зерттеу жобаларын есепке алу және мониторингінің тиісті жүйесінің болмауы Қазақстанның зияткерлік меншігін, әсіресе мемлекеттік бюджет есебінен жасалған лайықты материалдық өтемақысыз шетелге бақыланбайтын экспортына әкеліп соғады. Осыған байланысты мемлекеттік бюджет есебінен жасалған зияткерлік меншік объектілеріне арналған мемлекеттің мүдделерінің теңгерімінің құқықтарын және есебін жүзеге асыру мәселелерін қарау маңызды.
Ғылыми-зерттеу құрылымдары зияткерлік меншік портфелдерін қарапайым әкімшілік етуден оларды стратегиялық басқаруға өтуі тиіс. Зияткерлік меншікті басқару білім беру және зерттеулермен қатар мемлекеттік ұйымдар мақсаттарының бірі болуы тиіс.
ҒЗТКӘ-де патент-конъюнктуралық зерттеулердің маңыздылығын және бірінші кезектігін ескерген жөн. Бұл маркетингтік зерттеудің негізгі ақпараттық-талдамалы бөлігінің бірі болып табылады. Ғылыми қоғамдастық үшін ақпаратқа, соның ішінде патенттік, патенттік деректер базаларына қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, инновациялық салада мыналар қажет:
Жас зерттеушілердің ҒЗӘ, ғылыми-зерттеу жұмысының құрама бөлігі ретінде патент-құқықтық және лицензиялық жұмысты қолдауды көздеу қажет.
Ғылыми-техникалық даму бағыттарын болжау және экономиканың әр секторында едәуір тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шешімдерді іріктеу және кейіннен ғылыми-техникалық даму басымдылықтарын айқындау.
Инновациялық процеске қатысушылардың техникалық шешімдерді беретін, ұқсас объектілермен салыстырғанда едәуір тиімділікті қамтамасыз ететін, яғни ҒЗТКӘ кезеңінде қолданған және патенттік қорғауды алған ҒЗТКӘ-ні іске асыруға қол жеткізуге барынша мүдделілігін қамтамасыз етуді бірінші орынға шығару. Өнертапқыштық және инновациялық қызметті ынталандыру оның процесімен емес, бұл қызметтің нәтижелерін пайдалану тиімділігімен байланысты болу керек.
ЖОО-да инноватика негіздерімен тек қана таныс емес, инновациялық экономика, білім экономикасын жақтаушыны болып табылатын адамдарды даярлау, ғалымдарға және болашақ ғалымдарға зияткерлік меншік негіздерін жаппай оқыту.
§ 4. Нормативтік-құқықтық базаны дамыту
Қазіргі уақытта республикада инновациялық-индустриялық дамуды мемлекеттік қолдау жүйесінің жекелеген элементтері жасалған (мемлекеттік қорлар және басқа да даму институттары, технопаркілер, және с.с.), бірақ бір-бірімен және басқа да экономика салаларымен (өнеркәсіп және білім беру саласы секілді) байланысты емес. Бұл ретте шетелдік тәжірибені пайдалану тұтастай экономикалық тетіктердің жекелеген элементтерінің көшіру жолымен жүргізілді, сондықтан күтілген нәтижелерге әкелмеді. Мұның нәтижесінде бастамалар қатарының жағымды тәжірибесіне қарамастан экономиканың инновациялық дамуы саласында олқылық болған жоқ. Басты мәселе инновациялық салаға, жаңалықтарды жасауға да, оларды коммерциялауға да инвестициялауды ынталандыратын әсершіл экономикалық тетіктердің жоқтығы болып табылады.