«Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 787 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 202 бұйрығы (күші жойылды)

«Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 787 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 202 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығымен күші жойылды

 

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету мақсатында бұйырамын:

1. «Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 787 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2619 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 37-42, 883-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын саны туралы тізбеде:

2-тармақта:

2) тармақшаның жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары алынып тасталсын;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

«9) жалпы білім беретін сыныптармен қатар әртүрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сыныптар ашылған жалпы білім беретін мектептер мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған (арнайы сыныптар) арнайы (түзеу) мектептердің қызметін қоса атқаратын біріктірілген білім беру ұйымдары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.