«Лицензия беру туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халыққа құқықтық көмек
және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің 2006 жылғы
10 сәуірдегі № 24 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына «Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» № 254 қаулысының 13, 14-тармақтарына сәйкес, бұйырамын:
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия:
- нотариустарда тағылымдамадан және әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Бақыт-Бұлдаш Рамазанқызы Айтбаеваға
Зухра Нұртазақызы Асановаға
Жанна Асылбекқызы Асылбековаға
Арайлым Серікханқызы Қадыроваға
Надежда Васильевна Кимге
Гүлнар Маратқызы Қонақбаеваға