«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 386 Қаулысы (2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 386 Қаулысы

(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының құрамына:

Қайрат Нематұлы Келімбетовті басқарма төрағасы;

Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқановты басқарма төрағасының орынбасары;

Әсет Өрентайұлы Исекешевті басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлауды;

2) Асқар Болатұлы Сембинді «Қазақстанның Даму Банкі» (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі және президенті етіп сайлауды;

3) Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты Даму Банкі президенті лауазымынан босатуды және оны Даму Банкі директорлар кеңесінің құрамынан шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының