Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 21 шілдедегі № 450-I
Заңы
Осы редакция 2006 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 10 баптар) 2-тарау. Селолық тұтыну кооперативін құру (10 - 15 баптар) 3-тарау. Селолық тұтыну кооперативіне (15 - 27 баптар) мүшелік 4-тарау. Селолық тұтыну кооперативін басқару (27 - 45 баптар) 5-тарау. Селолық тұтыну кооперативінің мүлкі (45 - 56 баптар) 6-тарау. Селолық тұтыну кооперативін қайта (56 - 62 баптар) ұйымдастыру және азайту 7-тарау. Қазақстан Республикасының селолық (62 - 72 баптар) тұтыну кооперациясы жүйесіндегі қауымдастар (одақтар) 8-тарау. Өтпелі кезең ережелері (72 - 73 баптар)Осы Заң пайшылар мен селолық тұтыну кооперативтері және олардың қауымдастықтары (одақтарын) арасындағы құқықтық жағдайды айқындайды және қоғамдық қатынастарды реттейді; селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарын (одақтарын) құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін; пайшылар мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, құқықтары мен мүдделерін қорғаудың шарттарын; селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтары (одақтары) органдарының өкілеттігі мен жауапкершілігін анықтайды.
1-бап. Селолық тұтыну кооперациясы туралы заңдар
Қазақстан Республикасының селолық тұтыну кооперациясы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодекске негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.