«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі
арасындағы еркiн сауда туралы » Келісім
(Алматы қ., 1997 жылғы 10 маусым)
Осы редакция 2005 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1999 жылғы 23 маусым № 394-I ҚР Заңымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Yкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы сауда экономикалық ынтымақтастықты теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстары мен екi мемлекет экономикасының өзара толығуын ескере отырып,
тауарлар мен қызмет көрсетулердiң еркiн қозғалысы өзара келісілген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн мойындай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнiң (ТСБК) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Тараптар, тең құқықтық, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын заң актілерін сақтай отырып, тiкелей шаруашылық байланыстар негiзiнде олардың меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық қызметi субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытатын және кеңейтетiн болады.
Әр Тарап басқа тарапқа экономикалық нұқсан келтiретiн әрекеттерге бармайтын болады.
1. Тараптар бiр-бiрiне еркiн сауда режимiн ұсынады.
Тараптар кедендiк рәсiмдеу үшiн алымдарды қоспағанда бара-бар әрекетi бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды сондай-ақ, Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң кедендiк аумағында шығарылған және екiншi Тараптың мемлекетiнiң кеден аумағына арналған тауарлардың экспортын және/немесе импортына сандық шектеулер қолданбайды.
Келісілген тауарлар номенклатурасы бойынша осы сауда режимiнен алулар, осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделедi.