«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 365 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы
келісімді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 26 тамызда Қазан қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№