«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 453 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 453 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 133 Қаулысымен күші жойылды

 

Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту және мұнай-газ бен мұнай-химия салалары үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айкындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 16, 193-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35-жолдармен толықтырылсын:

 

 

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының