«Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші
жойылғандығын тану туралы»
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы
№ 117 қаулысы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-III Заңына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулы қабылданған күннен бастап бір апталық мерзімде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.ІІІ) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Төраға | А. Дунаев |
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2006 жылғы
27 мамырдағы № 117 қаулысының
қосымшасы
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі