«1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 467 қаулысы

«1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 467 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Аджип Каспиан Си Б.В.«, «ЭксонМобил Қазақстан Инк.«, «ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.«, «ҚМГ Қашаған Б.В.«, «Филипс Петролеум Қазақстан Лтд.«, «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.«, «Тоталь ЭиП Қазақстан» компаниялары арасындағы «1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шарттың жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасы  Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов