Жоба
2006 жылғы «____»______________
1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді
бөлу туралы Келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
шарт
ҚР Үкіметінің 2006.29.05. № 467 қаулысымен мақұлданды
Осы Шарт:
(1) Қазақстан Республикасы Yкіметінің атынан әрекет ететін, жер қойнауы туралы заңнамаға сәйкес Құзыретті орган ретінде Қазақстан Республикасын білдіретін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі («Республика»);
(2) ӨБК-ге және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 248 қаулысына сәйкес Өкілетті орган ретінде іс-қимыл жасайтын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (»ҚР Өкілетті органы»);
(3) Нидерланды заңдары бойынша құрылған және іс-қимыл жасайтын Аджип Каспиан Си Б.В. (Agip Caspian Sea B.V.) компаниясы («Аджип»);
(4) Багам Аралдары Достастығының заңдары бойынша құрылған және іс қимыл жасайтын ЭксонМобил Қазақстан Инк. (ExxonMobil Kazakhstan Inc) компаниясы («ЭксонМобил»);
(5) Жапонияның заңдары бойынша құрылған және іс-қимыл жасайтын Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд. (INPEX North Caspain Sea, Ltd.) компаниясы («Инпекс»);
(6) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған және іс-қимыл жасайтын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ компаниясы (»ҚМГ»);
(7) Нидерланды заңдары бойынша құрылған және іс-қимыл жасайтын ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясы («Қашаған Б.В.»);
(8) Либерияның заңдары бойынша құрылған және іс-қимыл жасайтын Филипс Петролеум Қазақстан, Лтд. (Рhillips Petroleum Kazakhstan, Ltd.) компаниясы («Филипс»);
(9) Нидерланды заңдары бойынша құрылған және әрекет ететін Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В. (Shell Kazakhstan Development B.V.) компаниясы («Шелл»);
(10) Францияның заңдары бойынша құрылған және әрекет ететін Тоталь ЭиП Қазақстан (Total Е&Р Kazakhstan) компаниясы (»Тоталь»)
АРАСЫНДА жасалды.
Жоғарыда аталған тараптардың әрқайсысы жеке «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталады.