Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 және 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 509 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
3-тармақтың 2) тармақшасы «комитеті» деген сөзден кейін «және оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті туралы ережеде:
3) тармақша «құрылымдық» деген сөзден кейін «және аумақтық» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «қызметкерлерін» деген сөзден кейін «, аумақтық бөлімшелер бастығын және бастығының орынбасарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «құрылымдық» деген сөзден кейін «және аумақтық» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымында:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауар нарықтарын талдау басқармасы
Бағалық реттеу басқармасы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесінен кейін осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесімен толықтырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2008.15.04 № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының