Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы
(2025.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2024.19.08. № 626 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының