«Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 16-6/67п Бұйрығы (күші жойылды)

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 16-6/67п Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 575 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 50 қаулысымен бекітілген Су тоғандарда балық және басқа су жануарларын аулауға 2006 жылғы лимиттеріне және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулау ережелері бекітілсін.

2. Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы (Ә.В. Шотқараев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Төраға орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Төрағаның м.а.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.