Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарындағы қызметтің беделін көтеру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының мынадай медальдары тағайындалсын:
1) «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»;
2) «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері»;
3) І, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін».
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарының сипаттамасы мен эскиздері;
2) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарымен наградтау ережелері;
3) Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдарына куәліктердің сипаттамасы мен үлгілері бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары мен оларға куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы маусымның 5-сі.
№ 129
Президентінің
2006 жылғы 5 маусымдағы
№ 129 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
төтенше жағдайлар органдары медальдарының
СИПАТТАМАСЫ
«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны
үшін» медалi
«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі мельхиордан жасалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.