Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы
(ҚР Президентінің 29.03.04 ж. № 1323 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 30 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының ?кіметi Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бір айлық мерзiмде әзiрлесiн және бекiтсiн.
ҚР Президентінің 29.03.04 ж. № 1323 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға жиынтық талдау баяндама ұсынсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының