(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 12.04.04 Ж. № 405 ҚАУЛЫСЫ

"Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008
жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы

 

Осы редакция  2006 ж. 8 маусымдағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын жарты жылдық және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 12 сәуірдегі

№ 405 қаулысымен

бекітілген

2004-2008 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында атом

энергетикасын дамыту" ғылыми-техникалық бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

     Атауы            Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту
 
     Әзiрлеу үшiн     Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы
     негiздеме:       20 тамыздағы № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан
                      Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом
                      энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.