Солтүстiк Қазақстан университетiнде әскери кафедра құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 наурыздағы
№ 160 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйесi үшiн Солтүстiк Қазақстан университетi студенттерiнiң қатарынан офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Солтүстiк Қазақстан университетiнде оқу орнының шығыстары мен штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
оқу кафедрасын командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-қосалқы қызметкерлермен жасақтасын;
әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.