жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
2007 жылғы 11 қаңтардағы № 218-III ҚР Заңың қара
ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 527 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж. № 3, 22-құжат):
427-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге құқылы.".