«Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2006 ж. 24 сәуір) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы

 

2008.05.07. № 67-ІV ҚР Заңың қара

ҚР Үкіметінің 2006.24.04. № 315 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

Осы Заң халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттік кіріс ысырабын болдырмау үшін трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау шараларын белгілейді.

 

1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды

қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдары

1. Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

1) ақпарат көздерінен алынған баға - ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған баға, биржалық баға белгіленімі туралы, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған деректер;

2) бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - өздеріне тән басты белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы мен рыноктағы өтімі, шығарылған елі және өндірушісі бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

3) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - бірдей болмаса да, бір-біріне ұқсас сипаттағы және ұқсас компоненттерден тұратын, мұның өзі оларға бірдей міндеттер атқаруға және бірін-бірі алмастыруға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

4) қайта қаралатын экономикалық шарттар - осы Заңға сәйкес бұндай шарттар арасындағы айырмашылық бағаға әсерін тигізбейтін немесе мәмілелердің шарттарын қайта қаралатын шарттарға келтіру мақсатында түзету мүмкін болатын бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) рыногындағы (олар жоқ болғанда - біртекті) мәмілелердің шарттары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.