«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2006 жыл 8 маусым) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының
Заңы
«Ақпараттандыру туралы»

 

2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217-III ҚР Заңың қара

ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 526 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

Осы Заң ақпараттандыру саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану, ақпараттық технологияларды қолдану, электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және ақпараттандыру саласындағы субъектілер қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйелердің аудиті - стандарттардың, нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарымен және/немесе тапсырыс берушінің талаптарымен белгіленген, олардың деңгейінің белгілі бір өлшемдерге сәйкестігін белгілейтін, оларда болып жатқан ақпараттық жүйелердің іс-қимылы мен оқиғалардың ағымдағы ахуалын бағалайтын жүйелік процесс;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы - «электрондық үкіметтің» барлық электрондық ақпараттық ресурстары мен электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беруші ақпараттық жүйе;

3) веб-сайт - жалпы навигациясы бар және ақпараттық телекоммуникациялық желіде бірдей домендік атаумен біріктірілген деректер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

4) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иеленуші - көрсетілген объектілерді иеленуді жүзеге асырушы және оларды меншіктігі анықталған тәртіпте және оларға өкім ету шегінде және пайдалану, иелену құқығын іске асырушы субъект;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.