«2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағы арқылы тауарлар транзитінің бірыңғай шарттары туралы келісім» (Жоба) (2006 жыл 13 маусым)

Жоба

2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру
туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағы арқылы тауарлар транзитінің
бірыңғай шарттары туралы келісім

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 546 Қаулысымен мақұлданды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтерi

теңдестірілген және өзара тиімді экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,

кедендік рәсімдерді үйлестіру және біріздендіру жолымен тауарларды халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру шарттарын оңайлату қажеттілігін мойындай отырып,

транзит еркіндігінің қағидаттарын ұстанатындығын растай отырып,

Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы заңнамаларының даму серпінін ескере отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы тауарлар транзитінің бірыңғай шарттарын және Тараптар транзит кезінде кедендік рәсімдерді үйлестіру және біріздендіру саласында жүргізетін жұмыстардың бағытын айқындайды.

Осы Келісім құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар транзитіне қолданылмайды.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдердің мынадай мағынасы болады:

"транзит" - оған сәйкес тауарлар Тарап мемлекетінің аумағы арқылы кедендік бақылаумен өткізілетін кедендік режим/кедендік рәсім;

"кедендік сәйкестендіру құралдары" - пломбалар, мөрлер, сандық, әріптік таңбалау, мөртаңбалар, сынамалар мен үлгілерді алу, тауарлар мен көлік құралдарын сипаттау, сондай-ақ кеден органдары Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес транзиттік тауарларды сәйкестендіру үшін қолданатын өзге де құралдар.

 

 

3-бап

 

Транзит кезінде тауарлар:

қалыпты тасымалдау және сақтау жағдайларында табиғи тозудың не кемудің салдарынан өзгергеннен басқа, өзгермеген күйінде қалуы;

транзиттен басқа, қандай да бір өзге мақсаттарда пайдаланылмауы;

Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары белгілеген мерзімде және орындарға жеткізілуі тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.