2006 - 2008 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында биотехнология жөніндегі кластерді қалыптастыру үшін қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 554 Қаулысы

Предыдущая страница

Сонымен бірге, алынған нәтижелер генетикалық және жасушалық инженерия әдістері негізіндегі биотехнологиялық өнімді әзірлеу, пайдалану және енгізу саласында республиканың айқын артта қалғанын көрсетеді.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің осы саладағы инвестициялық климаттың қолайсыздығынан нашар сұранысқа ие болуына байланысты ғылыми-өндірістік кәсіпорындардың көпшілігі бүгінгі күні күрделі қаржылық қиыншылыққа кездесіп отыр, бұл осы өндірістердің төмен рентабельділігінің куәсі.

Зияткерлік меншік иелерінің авторлық құқықтары жеткілікті түрде қорғалмағанын атап өту қажет. Жаңа технологияларды әзірлеушілер өз нәтижелерін өндіріске енгізуге мүдделі емес, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетігі нашар пысықталған және ғалымдардың ғылыми әзірлемелер үшін материалдық мүдделілігі жоқ.

Экономикалық дамыған мемлекеттердің тәжірибесі биотехнологияның табысты және тұрақты экономикалық дамудың маңызды құрауышы болып табылатынын көрсетті. 2005 жылы биотехнологиялық өнімнің әлемдік нарығы 260 млрд. долларға жетті, ал 2006 жылы бұл сан 300 млрд. долларды құрамақ. 2010 жылға қарай биотехнология нарығының көлемінің 2 трлн. доллардан астам өсуі болжануда.

Мысалы, АҚШ-та 1500-нан астам биотехнологиялық компания бар, жыл сайынғы сатылым көлемі 60 млрд. доллардан асады. Әр түрлі 200 ауруға қарсы 370-тен астам препараттар мен вакциналар сынақтың қорытынды кезеңінде. Ауруларды диагностикалау үшін жүздеген медициналық тестілер, жүктілікті айқындауға арналған тестілер биотехнологиялық әдістермен өндіріледі.

Алдағы 10 жыл ішінде әлемде терең өңдеу химиясы (биокатализаторлар, органикалық синтез өнімдері), өндіру өнеркәсібі (биогеотехнологиялар, топырақты биоремедиациялау), жартылай өткізгіштер өндірісі (жаңа материалдар), ақпараттық технологиялар (микроэлектронды жүйелер, биоинформатика құралдары, биологиялық қағидаттар базасындағы құрылғылар, биокомпьютерлер) сияқты экономиканың маңызды салаларында биотехнологияны пайдалану салаларының едәуір кеңейтілуі болжануда. Жекелеген салаларда биотехнологиялық әдістерді енгізу өндірістік базаның сапалық өзгеруіне әкеліп соғады.

Биотехнологияны қолдану арқылы алынатын өнім 2010 жылға қарай әлемдік химикаттар нарығының 30 пайызын құрайтын болады. Бұл нарық көлемі 1,5 трлн. долларға бағаланады. Генетикалық модификацияланған дақылдардың кеңінен таралуы гербицидтер мен пестицидтердің жыл сайынғы сатылымын 30 пайызға азайтады.

Генетикалық инженерия әдістерімен алынған емдік препараттар (атап айтқанда, инсулин мен интерферон, В гепатитіне қарсы вакцина) бүкіл әлемде барған сайын көптеп қолданылуда. Гендік-инженерлік, ең алдымен адам мен жануарлар белоктарының негізіндегі емдік препараттар көп жағдайда биотехнологияның көмегімен ғана алынуы мүмкін және олар күрделі ауруларды емдеуде таптырмайтын зат болады. Мысалы, төртінші буынды тромболитик - проурокиназаны пайдалану миокард инфарктінен болатын өлім-жітімді бес есеге төмендетеді. Лактоферринді қолдану балалардың гастроэнтеритпен ауыруын 10 есе төмендетеді.

Қазіргі кезде әлемде 143 гендік-инженерлік емдік субстанцияларды шығаруға рұқсат етілген және 26-сы рұқсат алу кезеңінде. Адам геномының шифрын ашу жақын арада адамның жаңа реттеуші белоктары ашылады және олардың негізінде екі-үш жылдан кейін өндірісі басталуы мүмкін жаңа буын емдік препараттарды жасалады деп болжауға мүмкіндік береді. Сарапшылардың болжамы бойынша, 10 жылдан кейін олар әлемдік фармацевтиканың 15 пайызын, 20 жылдан кейін қазіргі емдік құралдардың кем дегенде жартысын алмастырады.

Инновациялық қызметті дамыту мақсатында медицина, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, экология және қоршаған ортаны қорғау саласында қазіргі заманғы биотехнологияларды әзірлеу және енгізу үшін қолда бар зияткерлік және қаржылық ресурстарды тарту жөнінде бірқатар нақты шараларды қабылдау қажет.

Проблеманы шешудің әлсіз жақтары: биотехнология саласында біліктілігі жоғары кадрлардың жетіспеушілігі, қазіргі заманғы жабдықтармен нашар жарақтандырылу, ғылыми зерттеулерде жасушалық және генетикалық инженерияның қазіргі заманғы әдістерін жеткіліксіз пайдалану, биотехнологиялық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің нашар болуы.

Проблеманы шешудің күшті жақтары: республикада биотехнологияның негізгі басым бағыттары айқындалды, қазіргі заманғы биотехнологияларды әзірлеу үшін зияткерлік және материалдық база бар, биотехнологиялық саласы дамыған бар елдермен халықаралық ынтымақтастық белгіленген.

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

 

Бағдарламаның мақсаты - денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және өңдеу өнеркәсібі үшін биотехнологиялық өнім өндірісін қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманғы биотехнологияларды әзірлеу.

Бағдарламаның міндеттері:

қазіргі заманғы биотехнология әдістерінің негізінде өсімдіктердің шаруашылық-құнды нысандары мен сорттарын, биостимуляторлар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын алу;

генетикалық және жасушалық инженерия әдістерінің негізінде жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларын емдеудің, алдын алудың және диагностикалаудың тиімділігі жоғары құралдары мен әдістерін өндіруге арналған технологияларды әзірлеу;

биотехнология әдістерінің негізінде денсаулық сақтау үшін жаңа емдеу-алдын алу және диагностикалық препараттар жасау;

қоршаған ортаны қорғау және сақтау үшін тиімділігі жоғары биотехнологияларды енгізу жөніндегі зерттеулерді дамыту;

тамақ және өңдеу өнеркәсібінде пайдалану үшін бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнім жасау;

өнеркәсіптік және аса құнды микроорганизмдердің генетикалық ресурстарын сақтау және оларды генетикалық паспорттау, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарын сақтауға арналған жаңа технологияларды әзірлеу, жасушалық дақылдар банкін жасау.

 

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi

 

Бағдарламаның негізгі бағыттары.

1. Биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және өсімдік шаруашылығы үшін биологиялық препараттарды әзірлеу мыналарды көздейді:

жасушалық және генетикалық инженерия әдістерінің көмегімен аса маңызды абиотикалық және биотикалық факторларға төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық-құнды бастапқы нысандары мен сорттарын жасау жөнінде зерттеулер жүргізу;

өсімдіктерді қорғауға арналған биологиялық препараттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған биостимуляторларды өндіру жөніндегі жаңа биотехнологияларды әзірлеу және енгізу.

2. Мынадай:

қазіргі заманғы биотехнология әдістері негізінде жануарлардың ауруларын емдеудің, алдын алудың және диагностикалаудың тиімділігі жоғары құралдары мен әдістерінің өндірісі үшін технологиялар әзірлеу;

жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларын диагностикалау үшін иммунологиялық және молекулярлық-генетикалық тест-жүйелерді жасау жолымен мал шаруашылығы үшін биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және биопрепараттарды әзірлеу.

3. Денсаулық сақтау үшін биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және биопрепараттарды әзірлеу мынаны көздейді:

жасушалық және генетикалық инженерия әдістері негізінде денсаулық сақтау үшін жаңа емдеу-алдын алу препараттарын жасау технологияларын әзірлеу жөнінде зерттеулер жүргізу;

адамның жұқпалы ауруларын диагностикалау үшін иммунологиялық және молекулярлық-генетикалық тест-жүйелерді жасау.

4. Қоршаған ортаны қорғау үшін биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мынаны көздейді:

қоршаған ортаны қорғау және сақтау үшін биотехнологияларды әзірлеу үшін микроорганизмдердің штаммдарын және өсімдіктердің түрлерін пайдалану;

көмірсутектердің микроорганизмдер-деструкторларын, ауыр металдар тұздарын өсімдік-аккумуляторлары мен пестицидтерді пайдалану негізінде тиімділігі жоғары биотехнологияларды енгізу жөніндегі зерттеулер.

5. Тамақ және өңдеу өнеркәсібі үшін биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мынаны көздейді:

тамақ өнімдерінің құнарлылық және дәмділік сапаларын жақсарту және қайта өңдеу өнеркәсібінің тиімділігін арттыру үшін микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, қоспаларды және биологиялық белсенді заттарды алу;

тамақ және өңдеу өнеркәсібінде пайдалану үшін бәсекеге қабілетті технологиялар мен биотехнологиялық өнімдер жасау.

6. Биотехнологиялық өндіріс үшін Қазақстанның биоресурстарын сақтауды және кеңейтуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мынаны көздейді:

өнеркәсіптік және аса құнды микроорганизмдердің генетикалық ресурстарын сақтау және оларды генетикалық паспорттау;

криоконсервацияның биотехнологиялық әдістері негізінде өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, өсімдіктердің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық-құнды белгілердің молекулярлық және морфофизиологиялық маркерлерін анықтау;

ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық ресурстарын сақтау технологияларын әзірлеу және жасушалық дақылдар банкін жасау;

жасушалық дақылдар банкін жасау, адамның мүшелері мен репродукциялау саласындағы зерттеулерді дамыту үшін тіндерін, феталдық және бағандық жасушаларды консервациялау және ұзақ мерзімді сақтау технологиясын әзірлеу.

Бағдарламаны орындау оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi

 

2006 - 2008 жылдары бағдарламаны іске асыруға 002 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 101 "Қолданбалы ғылыми зерттеулер" кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар 1433,0 млн. теңгені, оның ішінде 2006 жылы 450,0 млн. теңгені, 2007 жылы 477,0 млн. теңгені, 2008 жылы 506,0 млн. теңгені құрайды.

Республикалық бюджет есебінен қаржыландыратын 2007 - 2008 жылдарға іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады.

 

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

 

Осы Бағдарламаны іске асыру денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және өңдеу өнеркәсібі үшін биотехнологиялық өнімдерді өндіруді қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы технологияларды жасауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

2006 жылы:

биотикалық және абиотикалық факторларға төзімді өсімдіктердің бастапқы нысандары мен сорттарын алу мақсатында арнайы селективті орталарда ауыл шаруашылығы дақылдарының 50000-ға жуық каллустық тіндері алынады;

гербицидті, өсуді реттейтін және инсектицидті белсенді биологиялық белсенді заттарды синтездеуге қабілетті микроорганизмдердің 4 штамы және өсімдіктердің 3 түрі алынады;

вакциналар өндірісі технологияларын әзірлеу үшін микроорганизмдер мен вирустардың 20 штамы алынады және жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарына қарсы айрықша гипериммунді сары судың 8 түрін алу әдістері пысықталады;

адамдардың жұқпалы ауруларын қоздырғыш-микроорганизмдердің 12 штамы таңдалып алынады және вакциналар, емдік препараттар мен диагностикумдарды әзірлеу үшін олардың биологиялық, дақылдық-морфологиялық және биохимиялық қасиеттері зерделенеді;

зақымдалған топырақ және су экожүйелерін биоремедиациялау мақсатында пайдалану үшін микроорганизмдер мен өсімдіктердің 15 жаңа перспективалы түрі іріктеледі;

биотехнологиялық өндірістерін қамтамасыз ету үшін коллекциялық өнеркәсіптік-бағалы микроорганизмдер қорын сақтау және есепке алу жөнінде микробиологиялық, генетикалық, молекулярлық-биологиялық жұмыстар жүргізіледі;

шаруашылық-бағалы белгілері бар әрі биотикалық және абиотикалық факторларға төзімді өсімдіктердің сорттық үлгілерінің, нысандарының және желілерінің коллекциясын қалыптастыру, қолдау және толықтырудың 6 биотехнологиялық әдісі пысықталады;

бағалы генотиптердің генетикалық ресурстарын сақтау және қолдау мақсатында эмбриондар алу үшін жануарлардың өнімділігі жоғары түрінің үздік генотиптерінің 25 жекелеген түрі іріктіледі;

феталды жасушаларды алудың және оларды зертхана жағдайында өсірудің әдістері пысықталады.

Ашытқыларды, тағамдық белокты, амин қышқылдарын, ферменттерді, биоконсерванттарды биотехнологиялық өндіру үшін перспективалы 5 таксономикалық топтың микроорганизмдер коллекциясы жасалады.

2007 жылы:

толерантты жасушалық желілерден 5000 регенерант-өсімдік алынады, оларды қысқы кезеңде жылыжайда көбейту жүргізіледі, сондай-ақ олардың өнімділігі зерделенеді;

микроорганизмдер мен өсімдіктерден бөлінетін құрауыштардан биопестицидтер мен өсуді реттейтін биологиялық белсенді заттар өндірудің 3 технологиясы пысықталады;

вакцина әзірлеу үшін микроорганизмдер мен вирустардың 10 штамының антигендік және иммуногендік қасиеттері зерделенеді, жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарына бір клоналды антидене өндіруші гибридтен 4 штамм алынады, ПТР әзірлеу үшін 2 праймер жасалады;

гипериммунды сары судың 3 түрі, адамның жұқпалы ауруларының қоздырғыштарына бір клоналды антидене өндіруші гибридтен 2 штамм алынады, ПТР әзірлеу үшін 2 праймер жасалады;

микроорганизмдер 5 штамы алифатикалық және ароматты көмірсутектер, мұнайдың парафиндік фракциялары, радионуклидтер, ауыр металдардың иондары зерделенеді;

қышқыл сүт өнімдерінің ашытқысын, нан өнімдерін өндіру үшін микроорганизмдердің 5 консорциумы құрастырылады әрі ет-сүт және нан пісіру өнеркәсібі yшін ашытқы алу технологиясы өңделеді;

коллекциядағы өсімдіктердің 12 сорты, нысаны мен желілері паспортталады, өсімдіктерді зертхана жағдайында өсіру үшін оңтайлы қоректік ортаның құрамдары әзірленеді;

биотехнологиялық әдістермен алынған ең үздік генотипті жануарлардың 20 түрі таңдалады әрі олардың генеологиялық және фенотипикалық ерекшеліктері зерделенеді;

феталдық жасушаларды консервілеу әдісі, сондай-ақ бағандық жасушаларды бөліп алу, тазарту және консервілеу әдістері әзірленеді.

Республикалық микроорганизмдер коллекциясының қоры микроорганизмдердің 20 өнеркәсіптік-бағалы штамына кеңейтілетін болады және олардың негізгі биологиялық қасиеттері зерделенетін болады.

2008 жылы:

биотикалық және абиотикалық факторларға төзімді перспективалы бастапқы нысандардың 5 түрі егістік жағдайында көбейтіледі, олардың өнімділігі зерделенеді және селекциялық процеске беріледі;

микроорганизмдер мен өсімдіктерден бөлінетін құрауыштардан биопестицидтер мен өсуді реттейтін биологиялық белсенді заттарды өндірудің жаңа 3 технологиясы әзірленеді;

жануарлар ауруларының арнайы алдын алу және оларды диагностикалау үшін 5 жаңа вакцина мен 6 диагностикалық препарат өндірісінің технологиялары әзірленеді, сондай-ақ олардың өндірісіне арналған нормативтік-техникалық құжаттама дайындалады;

5 жаңа дәрілік препараттар мен вакциналар, сондай-ақ адам ауруларын емдеу, алдын алу және диагностикалау үшін 2 диагностикалық препарат өндірісінің технологиялары әзірленеді;

организмнің ортаның қолайсыз факторларына төзімділігін арттыру үшін әрі бұзылған табиғи топырақ және су экожүйелерін қалпына келтіру үшін препараттар дайындаудың 3 жаңа технологиясы ұсынылады;

өндірістік жағдайда 4 жаңа технологияны сынақтан өткізу жүргізіледі, әзірленген ашытқылар, тағамдық қоспалар, биоконсерванттар, илеу заттары және витаминдер негізінде өнімдердің тәжірибелік партиялары шығарылады;

өнеркәсіптік-бағалы микроорганизмдер коллекциясын сақтау мен қолдаудың 4 жаңа әдісі әзірленеді, микроорганизмдерді сақтау жөнінде деректер банкі жасалады;

шаруашылық-бағалы белгілері бар өсімдіктер коллекциясын жасау, қолдау және толықтыру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;

жануарлардың бағалы генотиптерін сақтау және қолдау әдістері әзірленеді және жетілдіріледі;

феталдық және бағандық жасушалардың биологиялық белсенділігін айқындау, сондай-ақ бағандық және феталдық жасушалар банкін жасау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.

 

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау

нысаны

Орын-

дау

(іске

асыру)

үшін

жауап-

ты

Орындау

мерзімі

Болжам-

ды шы-

ғыстар

(млн.

теңге)

Қаржы-

ландыру

көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Ұйымдастыру іс-шаралары

1.

Бағдарламаны

орындау жөніндегі

мемлекеттік тап-

сырысты орналас-

тыруға арналған

жобаларды іріктеу

жөніндегі кон-

курсты ұйымдас-

тыру және өткізу

БҒМ

бұйрығы,

конкурс-

тық

комис-

сиясының

хаттама-

лары

БҒМ

2006

жылғы

І

тоқсан

Талап

етілмей-

ді

 

2.

Конкурс нәтижеле-

рі бойынша 2006

- 2008 жылдарға

арналған Бағдар-

ламаның кеңейтіл-

ген нұсқасын қа-

лыптастыру және

бекіту

БҒМ

бұйрығы

БҒМ

2006

жылғы

І

тоқсан

Талап

етілмей-

ді

 

3.

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

мемлекеттік тап-

сырысты орындауға

арналған мемле-

кеттік сатып алу

туралы келісім

шарт жасау

Мемле-

кеттік

сатып

алу

туралы

шарт

БҒМ

2006

жылғы

І

тоқсан

Талап

етілмей-

ді

 

2. Негізгі ғылыми-техникалық тапсырмалар

2.1 Биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

және өсімдік шарушылығы үшін биопрепараттар әзірлеу

4.

Тиімді биотехно-

логияларды әзір-

леу және олардың

негізінде өсім-

діктердің шаруа-

шылық-құнды ны-

сандары мен сорт-

тарын жасау

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

254,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

76,0;

2007 -

86,0;*

2008 -

92,0*

Респуб-

ликалық

бюджет

(бұдан

әрі-РБ)

5.

Жасушалық және

генетикалық инже-

нерия әдістерінің

негізінде биос-

тимуляторларды

және өсімдіктерді

қорғау құралдарын

өндіру жөніндегі

жаңа биотехноло-

гияларды жасау

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

100,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

30,0;

2007 -

33,0;*

2008 -

37,0*

РБ

2.2. Биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз

ету және мал шаруашылығына арналған биопрепараттар әзірлеу

6.

Жасушалық және

генетикалық инже-

нерия әдістерінің

негізінде жануар-

лардың жұқпалы

ауруларын емдеу,

алдын алу және

диагностикалау

құралдарын әзір-

леу

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

275,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

90,0;

2007 -

90,0;*

2008 -

95,0 *

РБ

2.3. Биотехнологиялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз

ету және денсаулық сақтауға арналған биопрепараттарды әзірлеу

7.

Жасушалық және

генетикалық инже-

нерия әдістерінің

негізінде адам

ауруларын емдеу,

алдын алу және

диагностикалау

құралдарын әзір-

леу

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

230,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

70,0;

2007 -

80,0;*

2008 -

80,0 *

РБ

2.4. Қоршаған ортаны қорғауға арналған биотехнологиялық

өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

8.

Қоршаған ортаны

қорғауға және

сақтауға арналған

жаңа технология-

ларды әзірлеу

үшін микроорга-

низмдер штаммдары

мен өсімдіктердің

түрлерін пайдала-

ну

 

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

180,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

60,0;

2007 -

60,0;*

2008 -

60,0*

РБ

2.5. Тамақ және өңдеу өнеркәсібіне арналған биотехнологиялық

өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

9.

Тамақ және өңдеу өнеркәсібінде пайдалану үшін қазіргі заманғы технологиялар мен биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

180,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

60,0;

2007 -

60,0;*

2008 -

60,0 *

РБ

2.6. Биотехнологиялық өндіріс үшін Қазақстанның биоресурстарын

сақтауды және кеңейтуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

10.

Биотехнологиялық

зерттеулерді қам-

тамасыз ету үшін

республикалық

микроорганизмдер

коллекциясын қол-

дау және толықты-

ру

 

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

84,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

26,0;

2007 -

26,0;*

2008 -

32,0*

РБ

11.

Өсімдіктердің ге-

нетикалық ресурс-

тарын бағалау мен

сақтау техноло-

гиясын әзірлеу

және жаңғырту

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

50,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

14,0;

2007 -

16,0;*

2008 -

20,0*

РБ

12.

Ауыл шаруашылығы

жануарларының ге-

нетикалық ресурс-

тарын сақтау

биотехнологиясын

әзірлеу және

жетілдіру

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

30,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

10,0;

2007 -

10,0;*

2008 -

10,0*

РБ

13.

Адам мүшелері мен

тіндерін репро-

дукциялау сала-

сындағы зерттеу-

лерді дамыту үшін

консервациялау

мен феталды және

бағанды жасуша-

ларды ұзақ сақтау

технологияларын

жасау, жасушалық

дақылдар банкін

құру

Министр-

дің

бұйрығы-

мен

бекітіл-

ген

ғылыми-

техника-

лық есеп

БҒМ

Жыл

сайын,

IV

тоқсан

50,0,

оның

ішінде

жылдар

бойынша:

2006 -

14,0;

2007 -

16,0;*

2008 -

20,0*

РБ

 

* Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2007 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған »Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.