Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 Қаулысы
(2015.24.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту және осы саладағы мемлекеттік нормативтер жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар Жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2015.24.06. № 479 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспарында:
«2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» деген 4-бөлімде:
реттік нөмірі 72-жол алынып тасталсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының