«Алматы қаласының телекоммуникация желілерін жетісандық
нөмірлеуге көшіру туралы»
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі
агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 229-п Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а. 2006 жылғы 27 қазандағы № 433-п Бұйрығымен күші жойылды
«Телекоммуникация саласын ырықтандыру барысы туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К. Ахметовта болған 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 17-52/007-391 кеңес хаттамасының 8-тармағын орындау үшін бұйырамын:
1. Алматы қаласында телекоммуникация қызметтерін көрсетуші байланыс операторлары өз абоненттерін көшірілу басталғанға дейін 30 күн ішінде Алматы қаласын нөмірлеудің жаңа жоспарына көшіру туралы хабардар етсін.