«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 530 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 31 мамырдағы № 283 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бұйырамын:
1. «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 530 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 қаңтарда № 2672 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 25 ақпанда № 2714 болып тіркелген 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 39, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 20 желтоқсанда № 3288 болып тіркелген 2004 жылғы 25 қарашадағы № 606, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 22 тамызда № 3801 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізудің ережелерінде:
19 және 20-тармақтардағы сәйкесінше "есеп бөлімінің қызметкері", "есеп бөлімінің қызметкерлеріне" деген сөздер алып тасталсын;
186-тармақтағы, 202 тармақтың бесінші абзацындағы және 215-1-тармақтағы "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;