«Алматы облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы»
Алматы облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 24-161 шешімі
(2006.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңдарына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2006 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес төмендегі көлемдерде бекітілсін:
Алматы облыстық Мәслихатының 2006.19.01. № 25-172 шешімімен 1-тармақ өзгертілді
1) Кірістер 41501091 мың теңге, соның ішінде:
Салықтық түсімдер бойынша 5934776 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 16170 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 41723 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері бойынша 35508422 мың теңге, соның ішінде:
Аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар 5232447 мың теңге;
нысаналы трансферттерді қайтару- 204939 мың теңге
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы 30071036 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 8490116 мың теңге, соның ішінде:
Мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы төлеуге 2897026 мың теңге;
көші-қон полициясы штаттық санының ұлғаюы - 25925 мың теңге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу шеңберінде берілетін әкімшілік функциялар - 52248 мың теңге;
білім - 1013730 мың теңге;
денсаулық сақтау - 2532550 мың теңге;
мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен және ымдасу тілінің мамандарын, дербес көмекшілердің көрсететін қызметін қамтамасыз ету - 16612 мың теңге;
қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалымдағы азаматтарға телефонға абоненттік төлем тарифінің көтерілуіне өтемақы - 1256 мың теңге;