Алматы облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-15 «Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 27-195 шешімі
(2007.27.04. берілген өзгерістермен)
Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 35-211 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373 бабының 2 тармағына және 2005 жылдың 20 желтоқсанында нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3977 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 534 «Бір жолғы талондары беру Ережелерін бекіту туралы» Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихат шешім қабылдады:
1. 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 1435 нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2004 жылғы 20 қаңтардағы «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің 8 нөмірінде жарияланған Алматы облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы «Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы» № 3-15 шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2.Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық Мәслихат
| сессиясын төрағасы | А. Мәмбетәлиев |
Облыстық Мәслихат
| хатшысы | А. Сыдық |