«III сайланған Алматы қаласы мәслихатының XX сессиясының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы
«2006 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы»
№ 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XX сессиясының
2006 жылғы 15 наурыздағы № 240 шешімі
Қолданыс мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды (Алматы қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 368 хаты)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім қабылдады:
III-сайланған Алматы қаласы мәслихатының XX сессиясының «2006 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 202 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2005 жылғы 21 желтоқсанда № 685 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 27 желтоқсанда «Алматы Ақшамы», 2005 жылғы 27 желтоқсанда «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған, 2006 жылғы 16 қаңтардағы XXI сессияның № 221 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2006 жылғы 24 қаңтарда № 692 рет санымен тіркеліп, 2006 жылғы 31 қаңтарда «Алматы Ақшамы», 2006 жылғы 28 қаңтарда «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған; 2006 жылғы 28 ақпандағы XXI сессияның № 227 шешімімен 2006 жылғы 7 наурызда № 698 рет санымен тіркеліп, 2006 жылғы 14 наурызда «Алматы Ақшамы», 2006 жылғы 14 наурызда «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қаласының 2006 жылға арналған бюджеті № 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 137 040 171 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 91 726 380 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 608 670 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 737 819 мың теңге;
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің түсімі - 28 967 302 мың теңге;
2) шығындар - 143 494 556 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 6 454 385 мың теңге;