«ІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2003 жылғы 27 ақпандағы
ХХІV-сессиясының «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшермелерін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының VIII сессиясының
2004 жылғы 29 шілдедегі № 68 шешімі
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008.22.12. № 164 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 7 бабына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты шешім қабылдады:
1. ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихатының 2004 жылғы 10 маусымдағы кезектен тыс VІІ-сессиясының «ІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2003 жылғы 27 ақпандағы ХХІV-сессиясының «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі қайта бекітілсін.
2. «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшерлемелерін бекіту туралы» ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХІV-сессиясының 2003 жылғы 27 ақпандағы шешіміне қосымша мына редакцияда мазмұндалсын, қоса беріліп отыр.
3. Қазақстан Республикасының «Темекі шегушіліктің алдын алу және шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі заңының 4 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес қосымшадағы мөлшерлемелер кестесінің 1.1., 2.1., 3.1., 4.1., 5.1., 6.1., 7.1., 8.1.тармақтары және қосымшаға ескертпедегі 4 тармақтың күші 2004 жылғы 1 қазанға дейін қолданылады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға (Шелипанов А.И.), Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баеділовқа жүктелсін.
ІІІ-сайланған Алматы
қаласының Мәслихатының
VІІІ-сессиясының
төрағасы | А. Несіпбаев |
ІІІ-сайланған Алматы
қаласының Мәслихатының
хатшысы | Т. Мұқашев |