«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау
ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы № 116 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3400 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесінде:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес акционерлер туралы мәліметтерді (қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар үшін, - өтініш берушінің ірі акционерлері туралы мәліметтерді);»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: