7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Туринде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен, жазғы Азия ойындарында спорттың 35 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 652 оқу-жаттығу жиынын, 278 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адамды, республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы үшін кемінде 52 дана спорттық мүкәмалмен жабдықтар сатып алу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КCPO және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды-олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін кемінде 46 дана спорттық мүкәмал, жиһаз (кеңселік үстел - 5 дана, қабырғалық шкаф - 2 дана, киім шкафы - 21 дана, керуерт - 20 дана), компьютер - 2 дана сатып алу. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына - 11 дана медициналық жабдық сатып алу.
Соңғы нәтиже: жоғары сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Әлем, Азия, Европа чемпионаттарында жазғы спорт түрлері бойынша Азия ойындарында және қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір спортшыны дайындауға кететін шығынның орташа құны - 1164,0 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттар өндіру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 8-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-8-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 55534 мың теңге (елу бес миллион бес жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық ic-шараларға қатысушыларды фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу.
Соңғы нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 7710 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 9-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-9 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 153 мың теңге (жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: «Жазушы Сейдахмет Бердіқұловты мәңгілік есте қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1263 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерді ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерге мемлекеттік сыйлық төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік сыйлықтарды төлеу;
спорт пен дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары мен теледидар мен радиодағы хабарлары үшін үздік журналистерге арналған 3 сыйлық.
Соңғы нәтиже: жарияланған ең үздік еңбектері үшін журналистерді, Қазақстан Республикасының спорт саласындағы көрнекі өкілдерін ынталандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 мемлекеттік сыйлыққа төленетін орташа шығынның құны - 51 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған мемлекеттік сыйлықтарды төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 10-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-10 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен
Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған мақсатты трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 924 900 мың теңге (тоғыз жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: спорттың инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау.
Соңғы нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектісін іске қосу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 11-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-11 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10503 мың теңге (он миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу жолымен қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткізу; жастардың санасында есірткіге қарсылықты қалыптастыру; есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын уағыздауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтерді прокатқа шығару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту үшін 6 спорттық іс-шара өткізу.
Соңғы нәтиже: дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы жасөспірімдер мен жастардың санын көбейту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 іс-шараға кететін шығынның құны - 1750,5 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды ұғыну.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 12-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-12-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 410840 мың теңге (төрт жүз он миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңның 4 , 9 , 10, 11, 14,16-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру үшін туристік кластерді дамыту және тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ішкі рынокты қорғау, туристік іс-шараларды өткізу және қатысу арқылы туристік қызметтер экспортын ұлғайту, Қазақстан Республикасында туристік саланы кластерлік дамыту шеңберінде туризмнің инфрақұрылымына инвестицияларды тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- республиканың туристік әлеуетін тарату мақсатында Қазақстанның бес халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз eту;
- ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға ықпал жасайтын бес ішкі туристік іс-шараларды және Астана және Алматы қалаларында екі отандық туристік жәрмеңке өткізу;
- туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық-ақпараттық өнімдерді басып шығару (әр түрінен кемінде 10 мың данадан), әлемдік каналдарда республиканың туристік әлеуеті туралы бейне материалдарды көрсету (күніне кемінде 2 көрсетілім) және Қазақстандағы туризм туралы ақпараттық беймәлімділікті жою үшін әлемдік басылымдарда мақалалар, РR жариялау.
Түпкілікті нәтиже:
- Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру мақсатында туристік қызметтің әлемдік рыногына Қазақстанның туристік өнімін жылжыту және Қазақстанның мүмкіндіктері туралы әлеуетті туристердің ақпараттандырылуын арттыру;
- жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді тарату және Қазақстанда жұмыс істеу үшін шетелдік туроператорларды тарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- Қазақстанның халықаралық туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге арналған орташа шығыс - 10 млн. теңге;
- ішкі туристік іс-шараларды өткізуге арналған орташа шығыс - 1 млн. теңге;
- 2006 жылы шығу туризмінің ұлғайту көлемін 40,3 мың адамға дейін және ішкі туризм - 145 мың адамға дейін.
Уақтылығы: туризм дамуының салалық бағдарламасына сәйкес іс-шараларды іске асыру.
Сапасы: туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 13-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-13 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
001 - «Мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 245586 мың теңге (екі жүз қырық бес миллион бес жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы.