«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 470а Қаулысы (2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- тілдерді дамытуға арналған жалпы 20-дан кем емес жалпы республикалық іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, байқаулар) өткізу;

- шетелде тұратын отандастардың өзекті мәселелеріне арналған жалпы 10-нан кем емес іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер) өткізу;

- Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтатын Қазақстан халықтарының 1 фестивалін және шетелде тұратын қазақ диаспорасымен жан-жақты байланысты нығайту мен дамытуға бағытталған отандастардың халықтық шығармашылық 1 фестивалін өткізу;

- Республика азаматтарының лингвистикалық сұранысын толық қамтамасыз етуді іске асыруға арналған 15 томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің" 2 томын әзірлеу;

- қазақ тілінің біркелкі терминологиялық жүйесін ендіру және республика аумағында топонимикалық атауларды фонетикалық, лексикалық, графикалық принциптермен сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика және Мемлекеттік терминология комиссияларының 6 отырыстарын өткізу;

- қазақ тілін қоғамда дамыту үшін бағытталған "Тіл және қоғам" мамандандырылған альманахтың 3 - номерін басып шығару;

- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған қазақ тіліндегі "Балапан" журналының 4 номерін шығару;

- терминология мен ономастиканы жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық және мемлекеттік ономастика комиссияларының 8 бюллетеньдерін шығару;

- шетелде тұратын отандастардың ғылыми және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынасты қолдау үшін "Туған тіл" мамандандырылған альманахтың 2-номерін басып шығару;

- қазақ тілін әр түрлі салаларда үйрету мен енгізуге бағытталған 7-тен кем емес компьютерлік бағдарламалар әзірлеу;

- қазақ тіліндегі веб-порталды ақпараттық қолдау және жетілдіру;

- шетелде тұратын отандастар мен мемлекеттік тілдің сұрақтарына арналған 4 әлеуметтік зерттеулер өткізу;

- мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін үйрету үшін керекті жағдай жасау мақсатында Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығына негізгі активтер сатып алу:

1 автомашина (газель), 45 компьютерлердің жинақтығы, 3 лингафондық кластар, 3 көшіру аппараттары, экранымен 3 проектор, кластарға арналған 3 тақта, 3 сейф, 1 переплеттік аппарат, 32 офистік жиһаздар жинақтығы.

Соңғы нәтиже:

- Қоғамдық өмірдің барлық салаларына мемлекеттік тілдің ролін арттыру;

- Этникалық топтардың тілдерін дамыту;

- Шет елдерде тұратын отандастардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

- мемлекеттік тілді дамытудың іс-шараларын (конференциялар, семинарлар, смотрлар, жиналыстар және т.б.) өткізу шығындарының орташа құны - 1900 мың теңге;

- отандастардың тілдік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-шараларын өткізу шығындарының орташа құны - 1465 мың теңге;

- оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, сөздіктерді, анықтамалықтарды дайындау және шығару шығындарының орташа құны - 1200 мың теңге;

- Әлеуметтік зерттеулер әзірлеудің орташа шығындары - 1200 мың теңге;

- Мемлекеттік тілді дамытуға арналған компьютерлік бағдарламаларды әзірлеудің орташа шығыны - 12000 мың теңге;

- Мәтінді автоматты түрде аудару компьютерлік бағдарламаларын әзірлеудің орташа шығыны - 36 322 мың теңге;

Уақыттылығы:

- Тілдерді қолдану мен дамытудың және шет елдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу;

- Жоспарда белгіленген мерзімдерге сәйкес іс-шаралар өткізу.

Сапа:

- республика азаматтарының барлығының және шетелдегі отандастардың қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру;

- шетелдерде тұратын отандастардың тілдік қажеттіліктерін толыққанды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2006 жылғы 28 маусымдағы

№ 470a қаулысына 18-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

№ 72-18 қосымша

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мәдениет

объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 658 800 мың теңге (алты жүз елу сегіз миллион сегіз жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, мәдени мұралар, театр мәдениетін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет инфрақұрылымын дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Астана қаласының тұрғындары үшін "Қоянды" су қоймасындағы қысқамерзімді демалыс аймағының, Астана қаласындағы теннис кортының құрылыс жұмыстарының және С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ғимаратын салу жұмыстарының орындалуы.

Соңғы нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруы үшін мәдени нысандарды пайдалануға беру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жобалардың жүзеге асу тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша.

Уақыттылығы: жасалған келісімшарттар мен жұмыс өндірісіне байланысты кестесіне сәйкес.

Сапа: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2006 жылғы 28 маусымдағы

№ 470a қаулысына 19-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

№ 72-19 қосымша

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау»

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 607 592 мың теңге (алты жүз жеті миллион бес жүз тоқсан екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамытудағы бағдарламаны бекіту туралы» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамытуға және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жүйелік комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, еліміздің ұлттық мәдени игілігін музей ісі саласында қолдану мен зерттеу процесін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- мұражай тану жөнінде 250 лекция өткізу;

- 4100 экскурсия өткізу;

- мұражайтану саласында 150 ғылыми мақала шығару;

- 30 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу;

- 5 халықаралық ғылыми-форумға қатысу.

- 15 халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысу;

- мұражай тану мәселесі бойынша 400 ғылыми кеңес өткізу;

- 110 тақырыптық көрме өткізу;

- 3 ғылыми теориялық симпозиумға қатысу;

- 35 жылжымалы көрме өткізу;

- 27 басқа іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер және т.б.);

- 1000 экспонатты қалпына келтіру.

Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайына қорларды толықтыру үшін экспонаттар, экспонаттау үшін "Алтын адам" көшірмесін, баспа қызметі үшін шағынтипография сатып алу;

Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығына проекторлар, графикалық жұмыстарға арналған компьютерлер, телевизорлар, серверге арналған техникалық құралдар және қорларын толықтыру үшін экспонаттар сатып алу.

Соңғы нәтиже: мұражайлық мәндегі және тарихи мәдени ескерткіштерді танымалдандыру және жүйелі комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми зерттеу қызметін жүргізу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір экспонаттың сақталуын қамтамасыз етудің орташа шығыны - 2026 теңге.

Уақыттылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару.

Сапасы: республика халқының мәдени-рухани деңгейін арттыру және Қазақстанның ерекше тарихи-мәдени мұраларымен әлемдік қауымдастықты таныстыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 26 маусымдағы

№ 470a қаулысына 20-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

№ 72-20 қосымша

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету»

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 849 933 мың теңге (сегіз жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз отыз үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы, 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34 және 36-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарда № 1277 Жарлығымен бекітілген «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1052 Алматы облысында «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырарды жаңғырту» бағдарламасы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұражай-қорықтардың құрамына кіретін мәдениет тарихи ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және жаңғырту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану, туризмді дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ескерткіштер мен еске алу орындарын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, жаңа ескерткіштерді анықтау, археологиялық экспедициялар мен экскурсияларды жүргізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және консервациялау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы: сканер, сандық фотоаппарат, компьютер қондырғыларының комплекті сатып алу - 3 комплект.

- «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы: фотоаппарат, бейнекамера, экспонаттарға арналған сөрелер сатып алу - 4 дана.

- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы: қорды толықтыру үшін экспонаттар сатып алу - 300 дана.

- «Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды мұражай-қорығы: терможелімдегіш беттеу машинасын, экспонаттар - 12 бірлік, мұражай экспонаттарын көрсету үшін бейнепроектор сатып алу.

- "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы: бейнекамера, мұражай қызметіне байланысты ақпараттарды жіберу мен қабылдауға арналған факс, алыстан жұмыс істеуге арналған радиотелефон сатып алу - 2 дана.

- «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы: сандық камера, сандық фотоаппарат, өрт сөндіру шиттерін, жанар-жағар майға арналған ыдыстар, бейнепроектор, көшіру аппаратын, радио телефон, компьютерлер сатып алу - 6 комплект, факс.

«Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы нысандарына жөндеу жүргізу.

2 көне мешітке қалпына келтіру және консервациялау жүргізу: Алматы облысындағы Жаркент архитектуралық-көркем мұражай (XIX ғ.), Семей қаласындағы бірмұнаралы және екімұнаралы мешіттер (ХІХ ғ.).

5 тарихи кешенге қалпына келтіру және консервациялау жүргізу:

Шығыс Қазақстан облысындағы "Жидебай-Бөрілі" кешені XIX ғ. (Жидебай ауылында), Жамбыл облысындағы Ақыртас сарай кешені (VI-VIIIғ.); Бөкей Ордасындағы Хан сарайы кешені (Батыс Қазақстан облысындағы қазынашылық, әйелдер гимназиясы, қару-жарақ палатасы және т.б. ғимарат); Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрбат ауылындағы архитектуралық-мәдени кешен, XIII-XVI ғ. (Ысқақ ата және Жәбрейіл ата мавзолейлері); Баба ата қорғанды-сарай кешені, (VI-XIX ғ.);

"2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 мавзолейлерді жөндеу және жаңғыртуды жүргізу: Қызылорда облысындағы Асан ата мавзолейі; Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің кейбір өңделген бөлімшелерін жөндеу және шатырын қалпына келтіру, XIV ғ.; Арыстанбаб мавзолейінің қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау.

Петропавловск қаласындағы "Абылай хан резиденциясы" кешенін қайта жасау.

Шығыс Қазақстан облысындағы Берел мазаратының археологиялық алтын бұйымдарын жөндеу және консервациялауды жүргізу.

Мәскеу қаласында Абай Құнанбаев ескерткішін әзірлеу және орнату, аумағын көріктендіру.

Минск қаласында Ұлы отан соғысы жылдарында Белоруссияны азат етуде қайтыс болған қазақстандық әскерлерге стелла орнату.

4 бағыт бойынша қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу жүйесін құру: мәдени және аралас мұра нысандарын қорғау аумақтары мен аймақтарының шекараларын анықтау; Дүниежүзілік мұраларының ықтимал нысандары деректер базасын жасау; тарихи және мәдени ескерткіштердің қолда бар тізімдерін нақтылау және қайта қарау; архитектуралық ескерткіштердің құрылыс материалдары жөніндегі мәліметтерді жинақтау және жүйелеу, тарихи-технологиялық зерттеу.

Соңғы нәтиже: елдің мәдени мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану мен насихаттауға байланысты ұлттық мәдениеттің сақталуы мен жаңғыруы, еңбектер серияларын ғылыми зерттеу және басып шығару жолымен ұлттық әдебиет және жазбаның көпғасырлық тәжірибесін жинақтау жөніндегі шараларды қарастыратын тарихи-мәдени дәстүрді жаңғырту және дамытуды жалғастыру.

Қаржылық экономикалық нәтиже: 1 нысанды жөндеудің орташа шығын құны 29,6 млн.теңге.

Уақыттылығы: бекітілген кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын орындау, қалпына келтіру, консервациялау, негізгі активтерді сатып алу, ескерткіштерді уақытында жасау, үнемі сақтау, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін тіркеу және танымал ету.

Сапасы: тарих және мәдениет көне ескерткіштерінің көпғасырлық дәстүрлерін сақтау және дамыту.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 28 маусымдағы

№ 470а қаулысына 21-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

№ 72-21 қосымша

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Ұлттық фильмдер шығару»

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1120423 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма миллион төрт жүз жиырма үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық кинематографияны дамыту, республика тұрғындарының мәдени-эстетикалық, рухани қажеттілігін қанағаттандыру, ұлттық фильмдердің халықаралық имиджін нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның даму болашағы мен бүгінгі күнгі жағдайын, тарихын бейнелейтін әралуан түрдегі және жанрдағы киношығармашылығын жасау жолы арқылы ұлттық киноөнерін дамытуды қамтамасыз ету;

қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптасқан терең философиялық-рухани негіздері мен құндылықтарын бейнелеу, гуманистік идеалдарға, адамгершілік пен патриотизмге негізделген кинематографиялық тақырыптарды игеру;

әлеуметтік-қоғамдық, саяси, экономикалық, мәдени өмірдегі қазақ халқының қазіргі жетістіктерін деректі, көркем, анимациялық кино құралдары арқылы көрсету;

өмірді дәлелдететін ұстанымды Замандас бейнесін бейнелейтін киношығарма жасау үшін шығармашыл зиялыларды біріктіру және шоғырландыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: