7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Мәдениет саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға бағытталған және кинематография құралдары арқылы елдің әлеуметтік экономикалық дамуын көрсететін жаңа фильмдермен фильм қорын молайту.
Тарихи тақырыптағы, классикалық қазақ әдебиетінің шығармаларын және қазіргі заман тақырыбындағы фильмдерді экранизациялау шығармалары енгізілген 6 ауыспалы көркем фильм шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында қайталанбас маңызы бар тарихи оқиғаларды бейнелейтін қазақ халқының кемеңгер тұлғалы ұлдарының өмірі және қызмет тарихын деректі кино құралдары арқылы бейнелейтін 9 деректі фильм шығару.
2 дебюттік фильм шығару.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптастырған гуманистік патриоттық идеалдар мен құндылықтар тұрғысында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін балалар мен жас өспірімдерге арналған 3 анимациялық фильм шығару.
Соңғы нәтиже: Республика тұрғындарының идеалогиялық тәрбиесінде ұлттық фильмдердің рөлін арттыру. Халықаралық аренада мемлекеттің имидждік саясатын киноматография құралдарымен жылжыту, тұрғындардың мәдени деңгейін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Көркем фильмді шығарудың орташа құны - 154 500,0 мың теңге, деректі фильмді шығарудың орташа құны - 3300,0 мың теңге, анимациялық фильмді шығарудың орташа құны - 10000,0 теңге, дебюттік-фильм шығарудың орташа құны - 20000,0 мың теңге.
Уақыттылығы: Тақырыптық жоспарға сәйкес ұлттық фильмдерді түсіру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты уақытында орындау.
Сапасы: Халықаралық фестивальдарға, кинофестивальдар мен байқауларға қатысу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 22-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-22 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 290 034 мың теңге (екі жүз тоқсан миллион отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» Заңы; 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеттің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы, 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану Ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы, 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарға қарайтын мемлекеттік мекемелер санының лимиттік штатын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының тарихи-деректі мұраларын сақтауды қамтамасыз ету және оның ғылым, мәдениет даму мақсатында қолдану, мемлекеттік сұранысты өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын арнайы қолдану және мемлекеттік есепке алу, сақталуын, толықтырылуын қамтамасыз ету, мұрағат ісі, құжаттану саласында басқару, дыбыстық бейнелік және ғылыми-техникалық құжаттамамен ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: