7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау;
- 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау;
- 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу;
- 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу;
- 25 түрлі шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер);
- халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу;
- 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу;
- 2 реабилитациялық байқау өткізу;
- қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сөйлету - 400 сағат.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сатып алатындар:
- тұтынушыларға толық ақпараттар жеткізу мен толықтыру үшін түрлі білім саласындағы әдебиеттер;
- оқырмандардың жұмыс орындарын жабдықтау үшін 500 дана орындық, 500 дана стол;
- әдебиеттерді экспонаттау үшін көрме шкафтары - 20 дана;
- сирек кездесетін басылымдарды сақтау үшін сейфтер - 5 дана;
- комфортабельды жұмыс орнын құру үшін кеңсе жиһаздары - 9 комплект;
- температура және ылғалдылығын реттейтін кондиционер - 3 дана;
- компьютер - 21 комплект, сканер - 17 дана, принтер - 9 дана, жүйелі қондырғыларды техникамен жабдықтау үшін қажетті бөлімшелер - 2 дана;
- басылымдық қызметке арналған қондырғылар (резак, термобиндер) - 2 дана;
- құжаттарды ғылыми консервациялау үшін қажетті қондырғылар.
Көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға:
- қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, оның ішінде арнайы әдебиет;
- екі процессорлық серверлік компьютер - 2 дана техникамен жабдықтау үшін;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтайтын жиһаздар - 2 комплект;
- зағиптарға арналған графикалық-бедерлі комплекті материалдар мен қондырғыларды шығару үшін әдістеліктер;
- аудиокассеттерге арналған грампластинкаларды көшіру аппараты.
Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасына:
- қазақстандық және шетелдік баспалардың білімнің түрлі саласы бойынша әдебиеттер;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтау үшін жиһаздар;
- компьютерлер - 53 дана, сканер (барабанды), жұмыс орындарын жабдықтау үшін оргтехникалар;
- сурдокомпьютерлер - 2 дана, көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтар үшін, мүмкіндіктері шектелген адамдардың жағдайын жақсарту мақсатындағы жолда қолданылатын тифломагнитофондар, оқитын машиналар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізудің 1 кезеңі.
Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 2205 теңге.
Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 27-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-27 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26361 мың теңге (жиырма алты миллион үш жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 270 «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасындағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:
кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;
журналдар - 3 763 баспа бірлігі;
газеттер - 56 200 баспа бірлігі;
ноталар - 150 баспа бірлігі;
ұсақ баспа - 7828 баспа бірлігі;
жырлар шығару - 48 номер 11 атпен;
материалды емес активтердің 2 комплект санын сатып алу.
Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспасөздерін 5 103 451 дана бойынша бақылауды және оған ғылыми өңдеуді көтеру, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.
Уақыттылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.
Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 28-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-28 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10480419 мың теңге (он миллиард төрт жүз сексен миллион төрт жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және басқа міндетті түрдегі бюджетке төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі); 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени-мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы» 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабарлары мен мәліметтерді таратудың ұлттық спутниктік жүйесі туралы» 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салааралық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларды бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканың басымды секторларында пилоттық кластерлерді қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін қарқынды дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясын құру туралы» 1992 жылғы 9 қазандағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының сұрақтары туралы» 1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының Үкімет мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы» 1993 жылғы 24 желтоқсандағы мемлекет-қатысушы басшыларының келісімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегі экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау және ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мына бағыттарға бағытталған теледидар және радио бағдарламаларды, жарияланымдарды әзірлеу және тарату;
елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға ақпараттық-насихаттық белсенді қолдау көрсету;
"Қазақстан-2030" даму Стратегиясын жүзеге асыруда халықты мемлекеттің қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әріптестік принциптерді, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттау және қолдау;
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
Мемлекет басшысының "2006 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды тездетудің жолында" Жолдауын жүзеге асыру шараларына ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету;
мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі оқиғалары жөнінде республиканың тұрғындарына нақты, шұғыл ақпараттар беру;
кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;
елдегі азық-түлік бөлігіндегі сұрақтарды жариялау;
тұрғын үй, "электронды үкімет" және басқа мемлекеттік бағдарламаларды жариялау;
мемлекеттік тілді дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: